group-telegram.com/GenPr/6078
Last Update:
Мысалы, Ақтөбе қаласының прокуратурасы атқарушылық iс жүргiзулер бойынша борышкерлердің автокөлік құралдарын анықтау, соның ішінде «Автоураган», «Архан», «Мираж» және «Кибер» арнайы жүйелерінің көмегімен мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды, салықтарды, алименттерді және жалақы бойынша қарыздарды өндіру мақсатында, Мемлекеттік кірістер департаменті, Полиция департаменті, жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдттік іс-шаралар өткізді.
(https://www.instagram.com/reel/C8qql44oq3L/?igsh=OThqaWZib250a2Q%3D)
Іс-шара барысында 250 борышкер автокөлігі анықталып, мемлекет пайдасына 95 млн теңге өндірілді, сондай-ақ 35 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Осындай жұмыстар Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында және басқа өңірлерде де жүргізілді.
(https://www.instagram.com/reel/C9wde3ytfJy/?igsh=MTRsdWY5emt0d3MyZA%3D%3D
https://www.instagram.com/reel/C7RSpWFondb/?igsh=QkFZNlZIRDBZeA%3D%3D).
6 мың кіріс жасыру және төлемнен жалтару фактісі анықталды. Борышкерлер ақшаларын казино мен букмекерлік кеңселерде жұмсап, бизнес пен такси, жеткізу қызметтерінен түскен табыстарын жасырған, қаражаттарын электронды әмияндарда сақтаған, мүліктерін ломбардқа өткізіп немесе сатып жіберген, шоттарынан қолма-қол ақша шешіп алып, ресми жұмыстан жалтарған.
Түркістан облысының прокуратурасы алимент төлеу міндеттемелерін орындамаған 72 борышкердің 274 млн теңгені құмар ойындарға жұмсағанын анықтады.
Жаңа алгоритмнің жұмысы нәтижесінде бұзушылықтардың көлемі анықталған:
• 7,5 млрд теңге қарызы бар борышкерлердің (үш жыл ішінде) қаржылық айналымы 16 млрд теңгеден асты;
• 380 сотқа дейінгі тергеу басталды (борышкерлердің алимент, жалақы және мемлекет кірісіне төлемдерді өндіру туралы сот актілерін орындаудан жалтару фактілері бойынша), 162 қылмыстық іс сотқа жіберілді, оның ішінде 100 іс бойынша үкім шығарылды;
• 300 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 344 млн теңге өндірілді.
Сонымен қатар, балалардың мүддесі үшін қарыздарды өндіріп алу бойынша сот актілерін орындау кезеңінде жеке сот орындаушылары (ЖСО) тарапынан заң бұзушылықтар анықталды. Кейбір ЖСО борышкерлермен заңсыз әрекеттерге барып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Мысалы, Маңғыстау облысында жеке сот орындаушы 200 мың теңге пара алып, алименттен жалтарған борышкерге шетелге шығуға тыйымды заңсыз алып тастаған. Ол үшін өндіріп алушының өтінішін қолдан жасап, борышкердің 1,6 млн теңге қарызы бола тұра, оның Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалуына мүмкіндік берген.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сотта ЖСО өз кінәсін толық мойындап, заңсыз сыйақы алғанын және өкілеттігін асыра пайдаланғанын растады.
Жалпы 2024 жылы жүргізілген прокурорлық тексерулердің нәтижесінде 10 жеке сот орындаушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тағы 6 тұлғаға қатысты тергеу жүріп жатыр, ал 3 қылмыстық іс сот қарауында.
#Заң_мен_Тәртіп
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП