Telegram Group & Telegram Channel
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда.

✔️ Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

🔘 3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

✔️ Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.

🔷 Осы жобаларды іске асыру сапалы суға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын едәуір жақсартуға жағдай туғызады.

Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту Үкімет жұмысының маңызды басым міндеттерінің бірі болып саналатынын атап өту қажет. Іс-шаралар Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15739
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15739

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Overall, extreme levels of fear in the market seems to have morphed into something more resembling concern. For example, the Cboe Volatility Index fell from its 2022 peak of 36, which it hit Monday, to around 30 on Friday, a sign of easing tensions. Meanwhile, while the price of WTI crude oil slipped from Sunday’s multiyear high $130 of barrel to $109 a pop. Markets have been expecting heavy restrictions on Russian oil, some of which the U.S. has already imposed, and that would reduce the global supply and bring about even more burdensome inflation. The Dow Jones Industrial Average fell 230 points, or 0.7%. Meanwhile, the S&P 500 and the Nasdaq Composite dropped 1.3% and 2.2%, respectively. All three indexes began the day with gains before selling off. In the past, it was noticed that through bulk SMSes, investors were induced to invest in or purchase the stocks of certain listed companies. READ MORE "He has to start being more proactive and to find a real solution to this situation, not stay in standby without interfering. It's a very irresponsible position from the owner of Telegram," she said.
from us

Telegram UKIMET
FROM American