Telegram Group & Telegram Channel
Қиын шешімдер – ащы дәрі

Жексенбіде @unknownkazak.talks шарасы ерекше деңгейде өтті. Мерекелік демалыс пен жексенбіге қарамастан, зал лық толды. Үш сағатқа созылған кездесуде тыңдаушылар табжылмай отырды. Бұл қоғамда осындай мазмұнды талқылауларға сұраныстың жоғары екенін көрсетті.

Өз сөзімде популизмге берілмей, қиын, күрделі, кейде сүйкімсіз, көпшілікке немесе лоббистерге ұнамайтын шешімдердің қаншалықты маңызды екенін атап өттім. Мұндай шешімдер, әрине, бәріне ұнай бермейді. Бірақ егер олар зерттеулерге сүйеніп, елдің болашағы үшін қажет болса, оларды қабылдаудан қорықпауымыз керек деп, өз тәжірибемнен нақты кейстерді келтірдім.

Популизм мен әлеуметтік желі заманында қарапайым, эмоцияға негізделген, тез жеңіс әкелетін шешімдерге сұраныс басым.

Дегенмен, мемлекетшіл тұлғалар көпшілікке ұнамауы мүмкін, бірақ ел мүддесіне қызмет ететін шешімдерді қабылдай білуі тиіс. Тіпті бұл шешімдер үшін қызметінен айырылуға тура келсе де, олардан қашпау керек. Мұндай шешімдерді дәрімен салыстыруға болады – ол ащы, қабылдау қиын, бірақ денсаулық пен өмір үшін өте маңызды.

Айкерім Есенәлі (@yessenali_aikerim), Бибарыс Сейтақ (@qazaqbubble), Айтолқын Тоқтаған (@aitolkyn_toktagan) керемет баяндамалар жасап, тыңдаушыларға ой саларлық, мазмұнды әңгіме ұсынды.

group-telegram.com/aimagambetov/1154
Create:
Last Update:

BY AIMAGAMBETOV

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1154

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

You may recall that, back when Facebook started changing WhatsApp’s terms of service, a number of news outlets reported on, and even recommended, switching to Telegram. Pavel Durov even said that users should delete WhatsApp “unless you are cool with all of your photos and messages becoming public one day.” But Telegram can’t be described as a more-secure version of WhatsApp. Russian President Vladimir Putin launched Russia's invasion of Ukraine in the early-morning hours of February 24, targeting several key cities with military strikes. Perpetrators of such fraud use various marketing techniques to attract subscribers on their social media channels. The account, "War on Fakes," was created on February 24, the same day Russian President Vladimir Putin announced a "special military operation" and troops began invading Ukraine. The page is rife with disinformation, according to The Atlantic Council's Digital Forensic Research Lab, which studies digital extremism and published a report examining the channel. Anastasia Vlasova/Getty Images
from us

Telegram AIMAGAMBETOV
FROM American