Telegram Group & Telegram Channel
Астана қаласындағы №4 қалалық емханада кездесу өткізіп, қабылданған жаңа заңдардың іске асырылуы мен ПМСП-нің өзекті мәселелерін талқыладық.

Тіркелген медициналық инциденттердің саны 10 еседен астам өсіпті. Бұл маңызды қадам, себебі бұрын жасырын қалып келген жағдайлар тіркеле бастады.Енді бұл деректерді медициналық персоналды оқыту және қызмет сапасын арттыру үшін тиімді пайдалану қажет.

Авиациядағы «қара жәшік» қағидасына ұқсас тәсіл енгізу арқылы инциденттерді талдап, олардың алдын алу мүмкін болады.

Шешуді қажет ететін проблемалар

1️⃣ Медициналық зерттеулерді квоталау.
Денсаулық сақтау министрлігі енгізген сызықтық шкала жүйесі емханаларда зерттеулердің санын шектейді (мысалы, айына 10 МРТ немесе 10 КТ). Бұл бірнеше проблема тудырады:
• Кезектердің ұзаруы. Аппараттар бос тұрса да, айлық квота таусылғаннан кейін науқастарды келесі айларға жазады.
• Ұзақ күту қажеттігі халықтың наразылығын тудырады.

2️⃣ Комплекстік жан басына шаққандағы нормативтің (КПН) тиімділігі.
Емханалар әр тіркелген азамат үшін ай сайын 1600 теңге (қосымша коэффициенттермен) алады. Бұл ақша азамат емханаға жүгінгеніне немесе жүгінбегеніне қарамастан беріледі. Бұдан бөлек, егер пациент келсе, емхана қосымша қаржы алады.

Сұрақтар:
• Бұл жүйе емханаларды тіркелген халықпен белсенді жұмыс істеуге қалай ынталандырады?
• Қаражат қаншалықты тиімді жұмсалады?

Мысал:
Мен тіркелген емханада қызметтер былай ұйымдастырылған:
• УЗИ бір жерде, КТ басқа жерде, ал маман үшінші орында.
Қызмет алу үшін қаланың әр бұрышына баруға тура келеді.

Ақыр соңында ақылы клиникаға жүгіну оңайырақ болады. Бірақ мемлекеттік емхана мен үшін әлі де КПН қаржысын алып отырады.

3️⃣ Қызық ерекшелік.
Мемлекеттік емханалар бюджетінің шамамен 50%-ын бірлесіп орындауға (соисполнение) жұмсайды, ал жеке емханалар бұл қаражатты өздерінде қалдыруға тырысады.

Мәселелер:
• Жабдықтары жоқ, бірақ халықты тіркейтін аффилиирленген ұйымдарға қызметтердің сатып алынуы.

Бұл мәселелер жүйелік реформа мен тиімді шешімдер қабылдауды қажет етеді.

group-telegram.com/aimagambetov/1191
Create:
Last Update:

BY AIMAGAMBETOV

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1191

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

But because group chats and the channel features are not end-to-end encrypted, Galperin said user privacy is potentially under threat. You may recall that, back when Facebook started changing WhatsApp’s terms of service, a number of news outlets reported on, and even recommended, switching to Telegram. Pavel Durov even said that users should delete WhatsApp “unless you are cool with all of your photos and messages becoming public one day.” But Telegram can’t be described as a more-secure version of WhatsApp. Telegram Messenger Blocks Navalny Bot During Russian Election Again, in contrast to Facebook, Google and Twitter, Telegram's founder Pavel Durov runs his company in relative secrecy from Dubai. As a result, the pandemic saw many newcomers to Telegram, including prominent anti-vaccine activists who used the app's hands-off approach to share false information on shots, a study from the Institute for Strategic Dialogue shows.
from us

Telegram AIMAGAMBETOV
FROM American