group-telegram.com/aimagambetov/1210
Last Update:
Ұлттық Банк кейбір министрліктер сияқты әдемі слайдтар жасап, нақты нәтижесіз пиармен айналыспайды. Тіпті өз жетістіктерін көрсетуге де аса мән бермейді. Дегенмен, халықтың мүддесіне тікелей әсер ететін үш негізгі бастамасын атап өткім келеді:
1. Зейнетақы қорындағы қаражаттымызды басқару
Жақсы жаңалық: Ұлттық Банк белсенді инвестициялық саясатқа көшті. Соның арқасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгені құрап, инфляция деңгейінен екі есе асып, 17,8%-ға жетті. Еске сала кетейін, бұл – біздің ақшамыз және бізге түсетін табыс.
Алайда, бұл жеткіліксіз. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы бойынша минималды міндеттемелерді заңнамалық деңгейде бекітуді маңызды деп санаймын. Бұл меже тек Ұлттық Банктің шешімі емес, заң нормасы болуы тиіс. Мұндай қадам біздің қордағы қаражатымыздың бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалмай, шын мәнінде табыс әкеліп, жоғары табысты құралдарға инвестициялануын қамтамасыз етеді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
2. Ұлттық қор табыстары
Тағы бір жақсы жаңалық: 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 4,5 млрд долларды құрап, табыстылық деңгейі 7,5%-дан асты. Бұл, әрине, инвестициялық көзқарастардың өзгеруі және тым консервативті стратегиялардан бас тарту арқылы мүмкін болды.
3. Алтын резервтері
Бұл бағытта да Ұлттық Банк жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Дамыған елдердің орталық банктері алтын-валюта резервтерін белсенді түрде арттырып жатқанда, Қазақстан да осы үрдісті ұстануда. Ұлттық Банктің валюта және алтын резервтері 45,8 млрд долларға жетіп, 27,4%-ға ұлғайды. Бұл біздің елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономика үшін қосымша қауіпсіздік жастығын қамтамасыз етеді.
BY AIMAGAMBETOV
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1210