Telegram Group & Telegram Channel
Жуырда қонақта, дастархан басында балалардың екпесі туралы әңгіме болды.

Кейбір ата-аналар екпеден бас тарып, сол себепті олардың балалары көкжөтелмен, кейін паротитпен ауырыпты. Кейін әңгіме жатыр мойны обырынан қорғайтын ВПЧ екпесіне ауысты. Бірақ мұнда да күмән мен қорқыныш басым болды – әсіресе, бұл екпенің қыз балаларға зияны бар деген пікір көп айтылды.

Бұл жай ғана бір отбасының әңгімесі емес. Бұл – біздің қоғамдағы үлкен мәселенің көрінісі.

Бүгін – Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні. Сондықтан мен өз ойыммен бөліскім келеді.

Екпе – өмірді қорғайды.
Мен мұны жай ғана кітаптан оқып немесе дәрігерлерден естіген жоқпын. Мен мұны өз өмірімнен білемін, өйткені өзім тұрақты түрде екпе аламын.

2020 жылы, «Қазвак» вакцинасы әлі клиникалық сынақтан өтпей тұрғанда, мен алғашқылардың бірі болып екпе жасаттым. Кунсулу Дальтоновна екеуміз бір құтыдан вакцина алдық. Бұл – ғылымға, оның адам өмірін сақтап қалу қабілетіне деген сеніміміз еді.

Пандемия кезінде анама ковидке қарсы екпе салдырдым. Кейін оған пневмококк инфекциясына қарсы вакцина да алдық. Бұл шешім маған алаңдамай, көңілімнің орнына түсуіне көмектесті.

Соңғы уақытта онкологиялық аурулармен күрес тақырыбына терең үңіліп жүрмін. Онкологиялық клиникаларға жиі барып, көп оқимын. Жақында өзім ВПЧ-ға қарсы екпе алуды шештім.

Адам папилломасы вирусы – жай ғана вирус емес. Ол қатерлі ісіктің себебі. Жатыр мойны обыры, ауыз қуысы мен көмей обыры – осы вирустың салдары болуы мүмкін. Бірақ бұл аурулардың алдын алуға болады. Біз бұған мүмкіндік бере алмаймыз – әрекет етуіміз керек.

Екпенің қоғам үшін маңызы

Маңызды қадам жасалды. Өткен жылдан бастап Қазақстанда қыз балаларға ВПЧ-ға қарсы екпе тегін салына бастады. Бұл жүз мыңдаған өмірді сақтайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге көбірек ақпарат, ашық әңгіме және сенім керек.

Екпеге қарсы адамдарды кінәлау оңай. Бірақ олар бізге жау емес. Олар да өз жақындары үшін алаңдайды. Оларды тыңдау керек. Оларға нақты, түсінікті, шынайы ақпарат беру керек.

Екпе – бұл таңдау емес. Бұл – қорғаныс. Бұл – өмір.

Біз мұны неғұрлым тезірек түсінсек, соғұрлым мықты боламыз.

Бұл туралы ашық сөйлесейік.
Дұрыс шешім қабылдайық.
Жақындарымызды қорғайық.

group-telegram.com/aimagambetov/1221
Create:
Last Update:

BY AIMAGAMBETOV

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1221

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

You may recall that, back when Facebook started changing WhatsApp’s terms of service, a number of news outlets reported on, and even recommended, switching to Telegram. Pavel Durov even said that users should delete WhatsApp “unless you are cool with all of your photos and messages becoming public one day.” But Telegram can’t be described as a more-secure version of WhatsApp. I want a secure messaging app, should I use Telegram? After fleeing Russia, the brothers founded Telegram as a way to communicate outside the Kremlin's orbit. They now run it from Dubai, and Pavel Durov says it has more than 500 million monthly active users. Unlike Silicon Valley giants such as Facebook and Twitter, which run very public anti-disinformation programs, Brooking said: "Telegram is famously lax or absent in its content moderation policy." But because group chats and the channel features are not end-to-end encrypted, Galperin said user privacy is potentially under threat.
from us

Telegram AIMAGAMBETOV
FROM American