Telegram Group Search
Жаңа Бюджет кодексі туралы

Сәрсенбі күні жаңа Бюджет кодексі қабылданды. Бұл құжат – ел үшін маңызды құжаттардың бірі, себебі ол мемлекеттік ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалатынын анықтайды. Кодекс жобасын бірнеше рет сынап, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгіздім. Кей нәрселер жүзеге асты, ал кейбірі орындалмады.

Біз көріп отырған бюджеттік дағдарыс көбіне бюджет әкімшілігін жүргізу рәсімдерінің тиімсіздігіне байланысты. Егер бюджеттің тиімділігі қамтамасыз етілмесе, салықтық жүктемені арттыру мәселені шешпейді.

70-ке жуық түзету енгіздім, олардың шамамен 30-ы қабылданды. Жартысы – авторлық бастамалар, қалған жартысы – әріптестеріммен бірге ұсынылған өзгерістер. Бұл түзетулер аудан, облыс және үкімет деңгейінде жұмыс істеу барысында жинақтаған тәжірибеме негізделген.

1. Бюджеттік процестің ашықтығы

Мәселе:
Бұрын өкілді органдар (Парламент, мәслихаттар) тек соңғы бюджетті ғана көретін. Бюджетті жоспарлау процесі жабық болатын.

Түзету және шешім:
• Енді Парламент пен мәслихаттар бюджет жоспарлау бойынша ақпараттық жүйелерге тұрақты қолжетімділік алады.
• Бұл тек соңғы бюджетті ғана емес, сонымен қатар оны қалыптастыру процесін, өтінімдерді және қаражаттың бөлінуін талдауға мүмкіндік береді.

2. Уақытша бос қаражатты басқару

Мәселе:
Бұрын уақытша бос бюджет қаражаты екінші деңгейлі банктердің шоттарында орналастырылып, белгілі бір органдарға пайда әкелетін.

Түзету және шешім:
• Барлық бос қаражат біртұтас қазынашылық шотта орналастырылады.
• Оны пайдаланудан түскен кіріс республикалық бюджетке түседі.

3. Трансферттерді мақсатты пайдалану

Мәселе:
Мақсатты тапсырмаларға (мысалы, мектеп салуға) бөлінген қаражат жергілікті бюджетке трансферт ретінде берілген кезде, олар көбінесе басқа қажеттіліктерге (жол жөндеу, қаланы безендіру және т.б.) бағытталатын.

Түзету және шешім:
• Белгілі бір мақсаттарға арналған трансферттерді басқа бағыттарға қайта бөлуге болмайды.
• Қаражат тек сол мақсаттарға жету шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

4. Қаржыландырудың минималды көлемдері

Түзету және шешім:
• Жалпы сипаттағы трансферттер жылдарға, өңірлерге және бағыттарға бөлінеді.
• Негізгі салалар бойынша минималды қаржыландыру көлемдері белгіленеді.

5. Қаражатты тиімді пайдалану

Мәселе:
Бұрын игерілмеген қаражат жылдың соңында жойылып, басталған жобаларды аяқтауға пайдалану өте қиын болатын. Бұл ұзақ мерзімді жобаларға қиындық тудыратын.

Түзету және шешім:
• Егер жобаға көбірек уақыт қажет болса (мысалы, мектеп немесе аурухана салу), игерілмеген қаражат келесі жылға ауыстырылады.

Логика:
Бюрократиялық кешігулер мен қайта келісулердің орнына қаражат жобаларды аяқтауға жұмсалады. Бұл міндеттердің орындалуын тездетеді.

6. Сыртқы қарызды бақылау

Мәселе:
Квазимемлекеттік сектор (мысалы, мемлекеттік компаниялар) мемлекеттік қарыз шектеулерін және парламенттік бақылауды айналып өтіп, қоғамдық бақылаусыз сыртқы қарыздар тартатын.

Түзету және шешім:
• Бюджетте квазимемлекеттік сектор үшін сыртқы қарыз шектеулері көрсетіледі.
• Сыртқы қарыз алуға рұқсат етілген компаниялардың тізімі, олардың мониторинг және бақылау механизмдері бюджеттік жобада ұсынылады.

7. Ғылымды аймақтық деңгейде қолдау

Түзету және шешім:
• Әкімдіктер ғылыми әзірлемелер мен олардың енгізілуіне қаржы бөле алады.

8. Нақты көрсеткіштер мен мақсаттар

Мәселе:
Енді бюджет бағдарламалары ірілендіріледі, ал министрлерге осы бағдарламаның ішінде қаражатты өздері қайта бөлу бойынша үлкен еркіндік берілген. Бірақ бұл еркіндік бақылаусыз мақсаттардан ауытқуға алып келуі мүмкін.

Түзету және шешім:
Бюджет жобасымен бірге келесі көрсеткіштер бекітіледі:
• Бюджет бағдарламаларының нақты мақсатты индикаторлары (мысалы, 20 мектеп салу немесе 20 000 баланы балабақшамен қамту).
• Нақты нәтиже көрсеткіштері.
• Қаражатты қайта бөлгенімен, бұл мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізілуі керек.

9. Бюджетті нақтылау

Мәселе:
Бұрын бюджет тек жылына бір рет қана нақтыланатын, бұл үкімет ішінде парламентсіз өткізетін көптеген ішкі түзетулерге әкелетін.

Түзету және шешім:
• Енді үкімет бюджетті парламент арқылы қажеттілікке қарай нақтылай алады.

10.
Бюджетті ішкі түзетулерді ашық ету

Шешім:
• Егер үкімет бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлсе, ол 5 күн ішінде Мәжіліске енгізілген өзгерістер, олардың себептері және болжамды нәтижелері туралы хабарлауға міндетті болады.

11. Қарыздық міндеттемелерді бақылау

Шешім:
• Жыл сайын келесідей шаралар жүргізілетін болады:
• Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қарыздық міндеттемелерін бағалау.
• Сыртқы қарыз алу лимиттері мен рәсімдерін белгілеу.

Логика:
Мемлекеттік қарызды тиімді басқару – бұл экономикалық тұрақтылықты сақтау және тәуекелдерді азайту жолы. Қарыз алу үдерісінің ашықтығы мен бақылауы азаматтар алдындағы жауапкершілікті арттырады.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Ерлан Қошанов:

✔️Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндады:
– сессия басталғаннан бері 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданған, сондай-ақ 15 заңға Президент қол қойған. Олардың ішінде Бюджет кодексі, биржалық сауда мәселелері бойынша заңдар, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу, соттарды жаңғырту, әкімшілік заңнаманы жетілдіру және тағы басқалары бар;
– қазір депутаттар 71 заң жобасын қарап жатыр. Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері мен тұтынушылар құқығын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие, пошта секілді заң жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде;
– Президенттің Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар қыз алып қашқаны үшін берілетін жазаны қатаңдату жөнінде түзетулер дайындап жатыр;
– депутаттар бюджет шығындарына парламенттік бақылау жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Жуырда Жоғары аудиторлық палата төрағасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың тиімділігі туралы есебі тыңдалған;
– Мәжіліс заң шығару жұмысының ашықтығына, оған қоғам мен сарапшылар қауымдастығын тартуға ерекше мән береді. Қоғамдық палатаның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі;
– барлық партиялық фракция депутаттары мен бір мандаттық округтерден сайланған халық қалаулылары сайлаушыларымен жиі кездесулер өткізіп, азаматтарды қабылдап, өңірлерге сапарлайды;
✔️парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыстың қорытындылары жөнінде мәлімет берді;
✔️«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты», сондай-ақ Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауатын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша атқарылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобалары туралы айтты.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi
Тарифы в онкологии обещали сократить, но денег в следующем году выделят почти столько же, сколько и в этом.

Что происходит с финансированием этой сферы и как пертурбации могут отразиться на пациентах?

https://time.kz/articles/ukogo/2024/11/27/dengi-est-no-vy-derzhites
Еліміздің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл күн – ата-бабамыздың асыл арманы ақиқатқа айналған, елдік рухымызды асқақтатқан ұлы мейрам.

Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Оны көздің қарашығындай сақтау – әрқайсымыздың ортақ парызымыз.
Бүгінгі жетістіктеріміз – халқымыздың ерен еңбегі мен бірлігінің жемісі.

Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қиын шешімдер – ащы дәрі

Жексенбіде @unknownkazak.talks шарасы ерекше деңгейде өтті. Мерекелік демалыс пен жексенбіге қарамастан, зал лық толды. Үш сағатқа созылған кездесуде тыңдаушылар табжылмай отырды. Бұл қоғамда осындай мазмұнды талқылауларға сұраныстың жоғары екенін көрсетті.

Өз сөзімде популизмге берілмей, қиын, күрделі, кейде сүйкімсіз, көпшілікке немесе лоббистерге ұнамайтын шешімдердің қаншалықты маңызды екенін атап өттім. Мұндай шешімдер, әрине, бәріне ұнай бермейді. Бірақ егер олар зерттеулерге сүйеніп, елдің болашағы үшін қажет болса, оларды қабылдаудан қорықпауымыз керек деп, өз тәжірибемнен нақты кейстерді келтірдім.

Популизм мен әлеуметтік желі заманында қарапайым, эмоцияға негізделген, тез жеңіс әкелетін шешімдерге сұраныс басым.

Дегенмен, мемлекетшіл тұлғалар көпшілікке ұнамауы мүмкін, бірақ ел мүддесіне қызмет ететін шешімдерді қабылдай білуі тиіс. Тіпті бұл шешімдер үшін қызметінен айырылуға тура келсе де, олардан қашпау керек. Мұндай шешімдерді дәрімен салыстыруға болады – ол ащы, қабылдау қиын, бірақ денсаулық пен өмір үшін өте маңызды.

Айкерім Есенәлі (@yessenali_aikerim), Бибарыс Сейтақ (@qazaqbubble), Айтолқын Тоқтаған (@aitolkyn_toktagan) керемет баяндамалар жасап, тыңдаушыларға ой саларлық, мазмұнды әңгіме ұсынды.
Эта статья Саймона Дженкинса поднимает тревожную тему о влиянии смартфонов на детей и подчеркивает необходимость срочных мер.

Документальный фильм Channel 4 Swiped раскрывает шокирующие последствия использования гаджетов, особенно в контексте психического здоровья молодежи.

Вот основные моменты:
1. Эксперимент:
• В одной из школ графства Эссекс провели трехнедельный эксперимент, запретив 11-летним детям пользоваться смартфонами для борьбы с растущим уровнем тревожности и стресса.
• Результаты показали, насколько сильно смартфоны интегрированы в их повседневную жизнь.
2. Наблюдения родителей:
• Дети становились замкнутыми, испытывали трудности в общении и часами сидели наедине со своими телефонами.
• Некоторые проводили до девяти часов в день за экраном, подвергаясь воздействию вредного контента и социального давления.
3. Тревожная статистика:
• Согласно опросам, четверть 11-летних детей в Великобритании уже видели онлайн-порнографию.
• Использование социальных сетей и смартфонов связывают с кризисами психического здоровья, включая членовредительство и даже трагические случаи гибели.
4. Призыв к действиям:
• Документальный фильм показывает, что игнорировать разрушительные последствия неограниченного использования смартфонов детьми больше нельзя.
• Дженкинс поднимает вопрос о возможном запрете смартфонов для детей, чтобы защитить их благополучие.



If you’ve got children, you need to watch Swiped – and see how sick their phones are making them
Simon Jenkins

The terrible toll that smartphones are taking on young people is now undeniable. We need to start talking about a ban
Tue 17 Dec 2024 10.00 GMT


https://www.theguardian.com/commentisfree/2024/dec/17/children-swiped-channel-4-smartphones-mental-health-addiction?utm_source=instagramthreads&utm_campaign=threads_gu
Балабақшаларды лицензиялау туралы маңызды әрі қажетті норма қабылданды.

Бұл не үшін маңызды?

Ең бастысы – балаларымыздың өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі. Лицензиялау – бұл жауапкершілік пен бірыңғай талаптарға сәйкестік.

Айта кетерлігі, бұл талаптар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар үшін бірдей болады. Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі үлкен қадам.

Маңыздысы – лицензиялау балабақшалардың санын қысқартпайды. Өйткені мемлекет жұмыс істеп тұрған мекемелерді сақтап қалуға мүдделі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, лицензиялау талаптары қатаңдатылмайды. Оған қоса, 2027 жылға дейін дайындық кезеңі беріледі. Айтпақшы, жеке мектептер көптен бері лицензия алып келеді, керісінше, бұл олардың санын 20 есе арттыруға кедергі болмады.

Бұл мәселені біз алғаш рет министрлікте жұмыс істеп жүргенде көтерген едік. Ол кезде үлкен пікірталастар болды. Петициялар, шағымдар түсті – бұл қалыпты жағдай, өйткені кез келген өзгеріске меншік иелері әрдайым сезімтал қарайды. Алайда бүгін, уақыт өте келе, бұл шешімнің қажеттілігі практикада дәлелденді.

Қолдау көрсеткен, талқылаған және сын айтқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін.

Осы орайда Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мен жекеменшік балабақшалар қауымдастықтарының белсенді ұстанымын ерекше атап өткім келеді. Бұл ұйымдар осы бастаманы қолдап қана қоймай, саланың тәртібін реттеуді өздері талап етті.
Принята важная и необходимая норма о введении лицензирования детских садов.

Почему это важно?

На первом месте – жизнь, здоровье и безопасность наших детей. Лицензирование – это про ответственность и соответствие единым требованиям. Причём эти требования будут одинаковыми как для государственных, так и для частных детских садов. Это большой шаг к повышению безопасности и качества услуг для всех детей.

Важно подчеркнуть: лицензирование не приведёт к сокращению количества детских садов. Государство, как никто другой, заинтересовано в поддержке и сохранении существующих учреждений.

Как отмечает Министерство просвещения, лицензионные требования не будут ужесточены.

Для подготовки к лицензированию предоставляется два года до 2027 года. К слову, частные школы уже давно проходят лицензирование, и это не помешало увеличению их числа почти в 20 раз.

Мы впервые инициировали этот вопрос, работая в Министерстве. Тогда была большая дискуссия. Были петиции, жалобы, и это нормально – собственники всегда чутко реагируют на изменения. Но сегодня, спустя время, нам удалось принять это решение, и практика доказала его необходимость.

Несмотря на определенное противодействие, мы смогли сделать шаг вперёд ради качества и безопасности детей.

Спасибо всем, кто поддерживал, обсуждал и критиковал.

Хочу отметить активную позицию Уполномоченной по правам ребёнка и трёх ассоциаций частных детских садов. Эти организации не только поддержали инициативу, но и сами требовали навести порядок в этой сфере.
Повышение верхнего предела ежемесячных взносов на ОСМС до 50 МЗП ударит по наемным работникам и их работодателям, создавая неравномерную нагрузку.

Вместо решения системных проблем и оптимизации расходов, система снова требует денег от граждан, не обеспечивая прозрачности и реальных гарантий улучшений.

Это больше похоже на перекладывание проблем на плечи бизнеса и граждан, чем на полноценную реформу.

При этом государство само не выполняет свою законную обязанность по взносам в ОСМС: только в 2025 году недоплата из бюджета составит более 300 млрд тенге.

Где здесь обещанная солидарная ответственность государства и граждан?


https://www.zakon.kz/pravo/6460492-verkhniy-predel-dokhoda-dlya-ischisleniya-vznosov-na-osms-planiruyut-povysit-s-2026-goda.html?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR14AjyOs1DhVW78zmIqpB3j1dLYbdIsR-a1-5-D_60K9ROMwQsCg2MtZus_aem_dag3omrIYxsIqwjejriEjg
Ай сайынғы МӘМС жарналарының шекті мөлшерін 50 ЕТЖ-ге дейін көтеру жұмысшылар мен жұмыс берушілерге ауыртпалық түсіріп, теңсіз жүктеме тудырады.

Жүйелі мәселелерді шешіп, шығындарды оңтайландырудың орнына, МӘМС тағы да азаматтардан қосымша қаржы талап етіп отыр. Бірақ бұл талаптар ашықтыққа да, медициналық көмектің сапасын жақсартуға да кепілдік бермейді.

Бұл шынайы реформа емес. Бұл – мемлекеттің өз міндетін орындамай, жауапкершілікті бизнес пен азаматтардың мойнына артуы. Мысалы, тек 2025 жылы бюджеттен МӘМС-ке 300 миллиард теңгеден астам қаржы жетіспейтін болады.

Мемлекет пен азаматтардың бірлескен жауапкершілігі қайда?

https://www.zakon.kz/pravo/6460492-verkhniy-predel-dokhoda-dlya-ischisleniya-vznosov-na-osms-planiruyut-povysit-s-2026-goda.html?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR14AjyOs1DhVW78zmIqpB3j1dLYbdIsR-a1-5-D_60K9ROMwQsCg2MtZus_aem_dag3omrIYxsIqwjejriEjg
Әр сандардың артында – адам өмірі

1 232 өндірістегі жазатайым оқиға бір жылда тіркелді. Оның 251-і адам өлімімен аяқталды. Сол оқиғалардың 24%-ы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл – біреудің өмірі. Біреудің отбасы әкесіз, анасыз, ұлсыз қалды. Мұның бәрі кездейсоқ емес, бұл – қауіпсіздік ережелеріне көз жұму салдары.

Ең қорқыныштысы не?

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандардың жартысынан көбі тек ескерту алады. Ал егер бұл бұзушылық адамның өмірін қиып кетсе ше? Сол адамның отбасы алдында кім жауап береді?

Мұны өзгерту керек еді. Біз оны өзгерттік.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгіздік. Қызу талқылаудан кейін олар қабылданды. Енді ескерту болмайды. Тек нақты және әділ жазалар болады.

Не өзгерді?
1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.
2. Айыппұлдар көлемі арттырылды:
• алғашқы бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;
• қайталанған бұзушылықтар үшін – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.

Неліктен бұл маңызды?
• Бұл “айыппұлмен ақша жинау” емес. Бұл – әділдік және адам өмірін қорғау.
• Адал жұмыс берушілерге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл нормалар тек қауіпсіздікті елемейтіндерге қатысты.

Нәтиже?

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу енді жазасыз қалмайды. Қызметкерлер қауіпсіз еңбек жағдайына лайық. Ал мұны түсінбейтіндер заң алдында жауап береді.
2025/01/07 21:22:58
Back to Top
HTML Embed Code: