group-telegram.com/antikornews/7106
Last Update:
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қоғамның белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құралды енгізеді.
Біз жаңа Антикор 1424 Whatsapp-чат-ботының іске қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Енді әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы не істеуге болады?
✅ Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.
Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды бірге құрайық! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосылыңыз! Тек бірлескен күш-жігермен біз адал және әділ қоғам құра аламыз!
☎️ Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты және WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 арқылы шұғыл хабарлаңыз.