group-telegram.com/aqorda_resmi/21683
Last Update:
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Аида Балаева:
✔️министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары, сондай-ақ ведомствоның 2025 жылға арналған перспективті жоспарларын жүзеге асыруға дайындығы жөнінде мәлімет берді:
– биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылған;
– Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілген;
– сегіз тілде Qazaq сulture ақпараттық-ағартушылық платформасын іске қосу еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін дәріптеу тұрғысынан маңызды жобаға айналған;
– Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты айтулы мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде бағаланған;
✔️министрліктің заң жобаларын әзірлеу бағытында атқарған жұмысы туралы баяндады:
– биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданған;
– «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылған;
✔️еріктілер қозғалысын дамыту шаралары жөнінде есеп берді:
– 2022 жылмен салыстырғанда, белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін артқан;
– жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, сондай-ақ 7 қазақстандық ерікті БҰҰ құрылымдарына жіберілген;
✔️креативті индустрияны қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді:
– олардың қатарында Креативті индустрия қорын құру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту бастамалары бар;
– креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елімізде 10 креативті орталық пен хаб ашылған.
❗️Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.
www.group-telegram.com/us/aqorda_resmi.com
BY Aqorda 🇰🇿
Share with your friend now:
group-telegram.com/aqorda_resmi/21683