Telegram Group & Telegram Channel
Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері АӨК, өнеркәсіп және су саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

🇰🇿🇰🇬 Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Алматыға келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевпен келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, су, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

🔷 Премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасындағы белсенді саяси диалог екіжақты ынтымақтастықтың барлық ауқымын жаңа деңгейге көтеріп, барлық салада жоғары серпінді қамтамасыз еткенін атап өтті. Өткен жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі артып, $1,6 млрд-қа жетті. Жеткізілетін тауарлар аталымын кеңейту арқылы оң үрдісті сақтау мен сауда құрылымын жақсартудың маңыдылығы көрсетілген. Қазақстан өз тарапынан жалпы құны $203 млн-нан асатын 175 атаудағы өнім экспортын арттыруға дайын. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар.

✔️ Өзара сауда көлемінің 20%-ға жуығын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 2024 жылдың 11 айында АӨК саласындағы тауар айналымы 5,5%-ға өсіп, $313,6 млн-ды құрады. Бұл ретте Қазақстаннан астық экспорты 40,4 мың тоннаны, ал ұн – 53,2 мың тоннаны құрады.

✔️ Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектісі – өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған инвестициялық өзара іс-қимыл. Бұл бағытта өнеркәсіптік кооперацияны айтарлықтай нығайта алатын бірқатар бірлескен перспективалық жоба пысықталуда. Соның бірі – Таш-Көмүр қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысы. Оның ашылуы екі елдің ірі бизнесі үшін маңызды болмақ. Жалпы, 2024 жылдың 11 айында екі ел арасындағы өнеркәсіп тауарларының айналымы $985,5 млн-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Бұл ретте Қазақстаннан шығатын экспорт көлемі 13,5%-ға өсті.

➡️ Тараптар су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Бірлескен шаралардың арқасында 2024 жылғы суару маусымы шығынсыз өткені айтылды. Биыл Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде вегетацияаралық кезеңді қауіпсіз өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

🔘 Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – көлік-транзит әлеуетін арттыру. 2024 жылдың 9 айында автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық жүк тасымалдау көлемі 16%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады. Осыған байланысты бірлескен шекараның өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін транзиттің тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.

🔵 Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі мен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15181
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15181

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

"We as Ukrainians believe that the truth is on our side, whether it's truth that you're proclaiming about the war and everything else, why would you want to hide it?," he said. A Russian Telegram channel with over 700,000 followers is spreading disinformation about Russia's invasion of Ukraine under the guise of providing "objective information" and fact-checking fake news. Its influence extends beyond the platform, with major Russian publications, government officials, and journalists citing the page's posts. WhatsApp, a rival messaging platform, introduced some measures to counter disinformation when Covid-19 was first sweeping the world. As such, the SC would like to remind investors to always exercise caution when evaluating investment opportunities, especially those promising unrealistically high returns with little or no risk. Investors should also never deposit money into someone’s personal bank account if instructed. Some privacy experts say Telegram is not secure enough
from br

Telegram UKIMET
FROM American