group-telegram.com/aqorda_resmi/22363
Last Update:
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады
Марат Омаров:
✔️ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді;
✔️негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады:
– Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады;
✔️2025 жылға арналған жоспарды таныстырды:
– монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді;
✔️Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.
✔️Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.
❗️Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
www.group-telegram.com/br/aqorda_resmi.com
BY Aqorda 🇰🇿
Share with your friend now:
group-telegram.com/aqorda_resmi/22363