Warning: mkdir(): No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 37

Warning: file_put_contents(aCache/aDaily/post/peruash/--): Failed to open stream: No such file or directory in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
Азат Перуашев | Telegram Webview: peruash/12452 -
Telegram Group & Telegram Channel
01-02.216 от 19.12.24.pdf
721.7 KB
"Ақ жол" демпартиясы ӨСАБ басшысына Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобалары бойынша ӨБК шарттарын жария етуге ықпалдасуын сұрады

Жақында Қазақстанға "Өңдеу салалардың ашықтығы бастамасының" (ӨСАБ) Басқарма төрағасы Хелен Кларк келді. ӨСАБ-тың халықаралық беделі соншалық, 11 желтоқсанда Х.Кларк ханым Республика Президенті Қ.Тоқаевтың қабылдауында да болды.
Бұл халықаралық ұйым табиғи ресурстарды игеру және жер қойнауын пайдаланудан түскен табыс туралы деректердің ашықтығын жақтайды. Қазақстан бұл бастамаға 2007 жылдан бастап қосылды, ал 2019 жылдан бастап ӨСАБ талаптарының бірі Өнімді бөлу туралы келісімдерді (ӨБК) ашу еді.
Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын ӨБК (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз) немесе ұқсас форматты (Теңіз) пайдаланатын мұнай өндіруші компаниялардың халықаралық консорциумдары жүзеге асыратыны белгілі.
Бірақ дәл осы Келісімнің шарттарын жария ету талабын біздің үкімет те, шетелдік компаниялар да барын салып орындамай жатыр.
Осыған орай, биыл 10 желтоқсанда ҚР Өндіріс министрлігінде ӨСАБ басшысымен өткен кездесуде «Ақ жол» демпартиясынан сайланған Мәжіліс депутаты «Ақ жол» фракциясының ӨБК шарттарын ашуды талап етіп Үкіметке бірнеше мәрте депутаттық сауал жолдағанын және қазақстандық шенеуніктердің ірі мұнай және газ кен орындарын пайдаланудан Қазақстанға түсетін кірістің үлесі мен көлемін жариялаудан бас тартқандары жөнінде айтты. Ал, шетелдік және тәуелсіз БАҚ-та біздің еліміздің үлесі небәрі 2%-дан басталатындығы туралы жазылып жатыр.
2022 жылғы 5 маусымнан бастап Қазақстан халқына жер мен жер қойнауына меншік құқығын бекіткен Конституцияның жаңа редакциясын ескере отырып, өңдеуден түсетін табыстың мұндай бөлісін әділетті деп санауға болмайды.
«Ақ жол» фракциясы 2022 жылғы 15 маусымда Парламенттегі депутаттық сауалдарында ӨБК шарттарын (олардың әділетсіздігі расталса) ашу және қайта қарау талаптарын көтерген. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-kmetten-r-sheteldk-investorlarmen-mnaj-gaz-zhne-metall-resurstarn-ndru-tural-kelsmn-sharttarn-hal-aldnda-ashud-talap-ett), 12 сәуір 2023 ж.(https://www.group-telegram.com/br/peruash.com/8832), 2023 жылғы 2 мамырда Жер қойнауы туралы кодекске тиісті өзгерістер ұсынды,(https://www.group-telegram.com/br/peruash.com/8915) ,
Үкіметтің 2023 жылғы 7 маусымдағы бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде.(https://akzhol.kz/kk/blog/kmett-2022-zhl-biudzhett-atarlu-tural-esebne-atst-a-zhol-demokratiial-partiias-frakciiasn-stanm), 2023 жылғы 3 шілдеде Конституциялық сотқа жүгінді (https://www.group-telegram.com/br/peruash.com/9508), 2023 жылғы 13 қыркүйекте Жер қойнауы туралы кодексті талқылау кезінде (https://www.group-telegram.com/br/peruash.com/9848), 2023 жылғы 2 қарашада бюджет жобасын талқылау кезінде(https://www.group-telegram.com/br/peruash.com/10213), 2023 жылғы 8 қарашадағы депутаттық сауалында (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/dletsz-zhasalan-ken-orndar-kelsmdern-zasz-dep-sanajmz), 2024 жылғы 29 сәуірде Мәжілістегі үкімет сағатында (https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-2024-zhld-29-surnde-mzhlste-ndrs-zhne-rls-ministr-sharlapaevt-atsumen-zhaa-ndrstk-saiasat-bojnsha-tken-kmet-saatnda-sjlegen-sz), 2024 жылғы 13 маусымдағы депсауалында (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/el-bajl-eshkmn-ata-babasnan-alan-mras-emes ), 2024 жылғы 30 қазанда бюджет жобасын талқылау кезінде.(https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-2025-2027-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobasn-oldamad), және т.б.
Биыл 10 желтоқсанда Өндіріс министрлігінде өткен кездесуде депутатымыз Е.Барлыбаев Х.Кларк ханымнан Үкіметпен және шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен арадағы осы тартыста «Ақ жол» демпартиясына көмектесуді сұрады.
Осы әңгіменің жалғасы ретінде, кеше «Ақ жол» демпартиясы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басшысына осы халықаралық консорциумдар орналасқан елдердің мемлекеттік органдары арқылы Қазақстан кен орындары бойынша ӨБК шарттарын ашуға көмектесу ұсынысымен ресми үндеу жолдады.
Біздің үкімет ӨСАБ-тың ең маңызды талабын табанды түрде елемейтіндіктен, өркениетті мемлекеттерде мұндай міндеттемеге қалай қарайтынын және олардың өз олигархтарын Қазақстандағы құпиялықтан бас тартуға мәжбүрлеуге қаншалықты батылы жететінін көрейік.

group-telegram.com/peruash/12452
Create:
Last Update:

BY Азат Перуашев

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/12452

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In 2018, Russia banned Telegram although it reversed the prohibition two years later. He floated the idea of restricting the use of Telegram in Ukraine and Russia, a suggestion that was met with fierce opposition from users. Shortly after, Durov backed off the idea. In a message on his Telegram channel recently recounting the episode, Durov wrote: "I lost my company and my home, but would do it again – without hesitation." During the operations, Sebi officials seized various records and documents, including 34 mobile phones, six laptops, four desktops, four tablets, two hard drive disks and one pen drive from the custody of these persons. Asked about its stance on disinformation, Telegram spokesperson Remi Vaughn told AFP: "As noted by our CEO, the sheer volume of information being shared on channels makes it extremely difficult to verify, so it's important that users double-check what they read."
from br

Telegram Азат Перуашев
FROM American