Telegram Group & Telegram Channel
🤥 Қазақстанда жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару үшін арнайы қызмет құрылды. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әлеуметтік желілерде осындай жаңалықпен жарнама таратуда. Бұл хабарламаға сенбеген жөн.

Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын иемдену үшін бұрыннан белгілі схеманы қолданады. Жарнамада оның жалған екендігінің айқын белгілері бар.

Біріншісі: қызметті үкіметтің жарлығымен құрылғаны туралы мәлімдеме. Мәтінде Киберпол және ҰҚШҰ сияқты ұйымдар аталады. Сондықтан бұл ресми ақпарат сияқты болып көрінеді. Алаяқтар адамдардың белгілі құрылымдар мен мемлекеттік органдарға сенетінін біледі. Оның рас-өтірігін тексеру оңай: Қазақстан үкіметінің сайтында мұндай жаңалық жоқ.

Екінші: белгілі тұлғаның фотосуретін пайдалану. Жарнамада ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың 2024 жылғы наурыздағы мақаладан алынған суреті пайдаланылған. Бұл фотосуреттің жалған қызметке қатысы жоқ.

Үшіншісі: фишингтік сілтеме. Алаяқтардың сайтында .uno домендік аймағында тіркелген порталға апаратын «Байланысу» батырмасы орналасқан. Бұл домен бастапқыда итальяндық және испандық қолданушыларға арналған, қазір ол бәріне қолжетімді. Қазақстан .kz домендік аймағында тіркелген. Оны барлық мемлекеттік ұйымдар пайдаланады.

Маңызды: Деректеріңізді белгісіз сайттарда енгізбеңіз. Алаяқтар сіздің ақпаратыңызды теріс мақсатта қолдануы мүмкін.

Мұндай фейктер Қазнетте болған. Былтыр Қазақстан Президентінің атынан жалған брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны қайтару туралы жалған ақпарат тараған.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/stopfake_kz/4531
Create:
Last Update:

BY STOPfake.kz

Share with your friend now:
group-telegram.com/stopfake_kz/4531

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

After fleeing Russia, the brothers founded Telegram as a way to communicate outside the Kremlin's orbit. They now run it from Dubai, and Pavel Durov says it has more than 500 million monthly active users. Pavel Durov, Telegram's CEO, is known as "the Russian Mark Zuckerberg," for co-founding VKontakte, which is Russian for "in touch," a Facebook imitator that became the country's most popular social networking site. Such instructions could actually endanger people — citizens receive air strike warnings via smartphone alerts. But Kliuchnikov, the Ukranian now in France, said he will use Signal or WhatsApp for sensitive conversations, but questions around privacy on Telegram do not give him pause when it comes to sharing information about the war. Under the Sebi Act, the regulator has the power to carry out search and seizure of books, registers, documents including electronics and digital devices from any person associated with the securities market.
from br

Telegram STOPfake.kz
FROM American