Telegram Group & Telegram Channel
Жетісу облысының Үйлестіру кеңесінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды
 
Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен аймақтық Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында уәкілетті органдардың су тасқыны кезеңіне және басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық шаралары қаралды.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, су инспекцияларының басшылары, сондай-ақ «Қазсушар» және «Қазселқорғау» мемлекеттік кәсіпорындарының жергілікті филиалдары қатысты.

Талқылау барысында су бұру арналары мен су өткізу құрылыстарын абаттандыру, өзен арналарының тазартылуы, бөгеттердің салынуы және нығайтылуы, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері қаралды.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы Мадияр Басшыбаев қатысушылардың назарын су тасқынына қарсы шаралардың ұйымдастырылуындағы олқылықтарға және облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдау қажеттілігіне аударды.

Облыстағы 114 гидротехникалық құрылыстың 12-сі (10,5%) қанағаттанарлықсыз жағдайда. Олардың пайдалану жарамдылығын анықтау үшін кешенді зерттеулер жүргізу ұсынылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарларының формалды түрде жасалатыны анықталды. Онда жыл сайын бірдей шаралар көрсетіліп, жергілікті жердің ерекшеліктері мен алдыңғы жылдардағы су басу оқиғалары (6 рет елді мекендерді су басу және 2 жол шайылуы) ескерілмеген.

Кейбір жағдайларда, лай суды сору үшін сатып алынған жабдықтар (сорғы қондырғылары) талап етілетін техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтіні анықталды.

Сондай-ақ, ықтимал су тасқынын жою үшін қажетті инертті материалдардың дайындалуы бойынша да олқылықтар бар екені көрсетілді.

Жалпы, Үйлестіру кеңесі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар тарапынан су тасқынына қарсы іс-шаралардың келісімділігінің жеткіліксіздігінен атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша оның мүшелері мен мәслихат депутаттары су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейту қажеттілігін қолдады.

Барлық мүдделі органдарға анықталған кемшіліктерді жою, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және халықты қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
 
#ЗаңжәнеТәртіп
#Жауапкершілік
       
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/945747?lang=kk&ysclid=m7n9aseycs119243018

🌐 https://www.group-telegram.com/ca/GenPr.com

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/GenPr/6146
Create:
Last Update:

BY Қазақстан Бас прокуратурасы

Share with your friend now:
group-telegram.com/GenPr/6146

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Crude oil prices edged higher after tumbling on Thursday, when U.S. West Texas intermediate slid back below $110 per barrel after topping as much as $130 a barrel in recent sessions. Still, gas prices at the pump rose to fresh highs. As such, the SC would like to remind investors to always exercise caution when evaluating investment opportunities, especially those promising unrealistically high returns with little or no risk. Investors should also never deposit money into someone’s personal bank account if instructed. "There is a significant risk of insider threat or hacking of Telegram systems that could expose all of these chats to the Russian government," said Eva Galperin with the Electronic Frontier Foundation, which has called for Telegram to improve its privacy practices. Some people used the platform to organize ahead of the storming of the U.S. Capitol in January 2021, and last month Senator Mark Warner sent a letter to Durov urging him to curb Russian information operations on Telegram. Recently, Durav wrote on his Telegram channel that users' right to privacy, in light of the war in Ukraine, is "sacred, now more than ever."
from ca

Telegram Қазақстан Бас прокуратурасы
FROM American