Telegram Group Search
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзі

Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на IV заседании Национального курултая

🎦 www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
✍️ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды

Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.

Екінші блок мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландырды. Бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқартылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілді.

Мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілді. Мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалана алады. Бұл шығыстарды үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Үшінші блок парламенттік бақылауды күшейтуге арналған. Мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін, үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органдар борышын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз лимитін Парламент қарастырып, бюджет туралы заңмен бекітеді.

Төртінші блок бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді. Кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.

Бесінші блок жинақ функциясына баса назар аудара отырып, Ұлттық қорды пайдалану шарттарын белгілейді. Ұлттық қорды пайдалану Президент бекіткен мақсатты бағдарлармен шектеледі. Қордың қаражатын ішкі қаржы құралдарына салуға рұқсат етілмейді. Бұл ақшаны бюджеттен тыс пайдалануға жол бермейді. Ұлттық қордың нысаналы трансферті тек жалпыхалықтық маңызы бар нысандар мен жобаларды қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Ол үшін тиісті критерийлер енгізілді.

Алтыншы блок квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталды. Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Түзетулердің жетінші блогы бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсті. Азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.

Бюджет кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
✍️ Главой государства подписан Бюджетный кодекс Республики Казахстан

Первый блок новелл Кодекса направлен на установление увязки налогово-бюджетной, денежно-кредитной и фискальной политик, что обеспечено положениями о государственных финансах.

Вторым блоком новелл оптимизируется бюджетный процесс с повышением самостоятельности и ответственности госорганов. Сокращены сроки и этапы бюджетного процесса, внедрены элементы блочного бюджета со значительным расширением полномочий и ответственности администраторов бюджетных программ.

Госорганам предоставлено право самостоятельно перераспределять средства в объеме 15% от объема расходов бюджетной программы. Неиспользованные в текущем году бюджетные средства могут быть доиспользованы госорганами с января следующего года, что обеспечит непрерывное финансирование расходов.

Третий блок новелл направлен на усиление парламентского контроля. Лимиты предоставления госгарантий, поручительств государства, лимиты правительственного долга и долга местных исполнительных органов, лимиты внешнего долга субъектов квазигоссектора будут рассматриваться Парламентом и утверждаться законом о бюджете.

Четвертый блок направлен на повышение качества планирования доходной части бюджета и принятии действенных мер по эффективному использованию бюджетных денег. В Кодексе установлены основные положения дивидендной политики государства в отношении субъектов квазигосударственного сектора.

Пятым блоком закреплены условия использования Национального фонда с акцентом на его сберегательную функцию. Использование Национального фонда будет ограничено целевыми ориентирами, утверждаемыми Президентом. Введен запрет на размещение средств фонда во внутренние финансовые инструменты, что исключает их внебюджетное использование. Целевой трансферт из Национального фонда может быть использован только на финансирование критически важных объектов и проектов общестранового значения, введены соответствующие критерии.

Шестой блок направлен на расширение контроля за долговой политикой государства, включая долг субъектов квазигосударственного сектора. Уполномоченными органами будет осуществляться прогноз, мониторинг и оценка долговых обязательств государственного сектора. Лимит внешнего долга квазигосударственного сектора будет устанавливаться законом о республиканском бюджете.

Седьмой блок поправок направлен на совершенствование межбюджетных отношений. Для активного вовлечения граждан в процесс распределения бюджетных средств законодательно закреплена основа для бюджета народного участия.

Текст Бюджетного кодекса публикуется в печати.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

➤ Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады.

➤ Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Президент Касым-Жомарт Токаев принял директора Института дипломатии Алексея Волкова

➤ Глава государства принял директора Института дипломатии Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан Алексея Волкова в связи с его выдвижением на должность заместителя Генерального секретаря Международной организации по русскому языку.

➤ Данная структура создана в целях продвижения гуманитарных инициатив, реализации совместных проектов государств-участников в сферах культуры, науки и образования. Учредителями организации являются шесть стран: Беларусь, Казахстан, Кыргызстан, Россия, Таджикистан и Узбекистан.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады

✔️Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

✔️Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.

✔️Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.

✔️Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Президент Касым-Жомарт Токаев принял генерального директора СNNC Шэнь Яньфэна

✔️На встрече с главой Китайской национальной корпорации ядерной промышленности (СNNC) были обсуждены перспективы сотрудничества в атомной энергетике.

✔️Касым-Жомарт Токаев сообщил Шэнь Яньфэну о планах Казахстана по развитию отрасли, подчеркнув важность принятого недавно решения о создании Агентства по ядерной энергетике для системной реализации стоящих перед национальной экономикой стратегических задач.

✔️Глава государства отметил, что наша страна заинтересована в значительном опыте корпорации СNNC, являющейся флагманом атомной энергетики КНР.

✔️Шэнь Яньфэн проинформировал Касым-Жомарта Токаева о проектах компании на территории Китая и за рубежом.

✔️В ходе беседы были рассмотрены вопросы сотрудничества в изучении передовых технологий мирного использования атомной энергии и обучении казахстанских специалистов.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Торебаев Кайрат Калмукаметович назначен Постоянным представителем Республики Казахстан при Всемирной торговой организации и международных экономических организациях.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
🇰🇿🇲🇰Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

➤ Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
🇰🇿🇲🇰Глава государства направил телеграмму соболезнования Президенту Республики Северная Македония

➤ Касым-Жомарт Токаев с большим сожалением воспринял сообщение о многочисленных человеческих жертвах в результате пожара в городе Кочани.

➤ Глава государства от имени народа Казахстана и от себя лично выразил соболезнования Президенту Северной Македонии Гордане Силяновской-Давковой и семьям погибших, а также пожелал скорейшего выздоровления пострадавшим.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Нұрлан Жақыповтың баяндамасынан:

✔️2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған;
✔️компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар;
✔️биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді;
✔️былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар:
– кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған;
– офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.

📌Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

📌Президент ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беруді тапсырды.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «Самрук-Қазына» Нурлана Жакупова

Из доклада Нурлана Жакупова:

✔️среднегодовой рост выручки с 2021 по 2024 год составил 13%;
✔️инвестпортфель группы насчитывает 130 проектов на более чем 100 млрд долларов;
✔️в 2025 году предстоит завершить 7 крупных инвестиционных проектов, включая строительство вторых путей на участке Достык – Мойынты, железнодорожной линии в обход Алматы, контейнерного хаба на базе порта Актау;
✔️поддержка отечественных товаропроизводителей в 2024 году:
– заключены договоры на 1,1 трлн тенге;
– офтейк-контрактов заключено в 10 раз больше, чем в 2023 году.

📌Глава государства подчеркнул важность продолжения работы над повышением эффективности и увеличением стоимости активов АО «Самрук-Қазына».

📌Особое внимание поручено уделить приоритетным инфраструктурным проектам, от качественной реализации которых напрямую зависит будущее национальной экономики.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Государством Катар о взаимной правовой помощи по уголовным делам».

Текст Закона публикуется в печати.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Государством Катар о выдаче».

Текст Закона публикуется в печати.

www.group-telegram.com/aqorda_resmi.com
2025/03/17 16:12:15
Back to Top
HTML Embed Code: