Telegram Group Search
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐆🎞️Мир переживает неспокойные времена, наполненные конфликтами и стремительными переменами. На этом фоне Казахстан, как средняя держава, уверенно строит мосты дружбы, следуя лейтмотиву своей внешней политики: миру нет альтернативы.

🇰🇿2024 год стал для Казахстана годом активной мировой политики: Астана принимала Саммит ШОС, а Президент Касым-Жомарт Токаев посетил более 15 государств, проведя переговоры с лидерами более 10 стран.

▫️О чем говорили Президент и его коллеги?
▫️Как внешняя политика влияет на экономику и жизнь каждого казахстанца?

📰📺Ответы в новом документальном фильме ТРК Президента «Внешняя политика. 2024 год».

Смотрите в эфире телеканалов:

Silk Way: 30 декабря в 20:40

⁠Jibek Joly: 4 января в 15:05.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿📰В эти минуты новогоднюю часть эфира телеканала Jibek Joly открывает уникальное видео, снятое Телерадиокомплексом Президента в Акорде. Необычное по звучанию и грандиозное по своей реализации исполнение Гимна Казахстана пианистом Темирланом Бейсенбаем, также известным под сценическим именем Ratovich!
На фоне новогодней Акорды – в живописном саду резиденции Президента - звучат аккорды фортепиано и дорогая для сердца каждого казахстанца мелодия…..

🎼 А в центральном парадном холле Акорды оркестр народных инструментов «Отырар сазы» и симфонический оркестр «Астана опера» под управлением Динары Тлендиевой исполнили гимн уже со звучание домбры.
Смотрим и наслаждаемся сотворчеством мастеров в рамках уникального проекта!

@kazinform_news
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🐆🎄2025 жыл құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер, табыс, бақыт тілейміз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау сөзі

🎥🇰🇿Новогоднее поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛Еліміздің басты ғимараты – Ақорданың эксклюзивті кадрлары.

🦅 🦮Салтанатты қабылдаулардан бастап жайлы Қысқы баққа дейін Президент резиденциясының залдарына саяхат. Бірегей сәулет және тарих бір бейнеде!
-
🏛🏛🏛🏛 Эксклюзивные кадры из главного здания страны – Акорды.

🦅🦮Путешествие по залам Резиденции Президента, от торжественных приемов до уютного Зимнего сада. Уникальная архитектура и история в одном видео!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎇Астанада жаңа жылға арналған отшашу ұйымдастырылды

🎇В новогоднюю ночь в Астане состоялся праздничный салют


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

@ptrkkz
ТРК Президента
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты @ptrkkz
🗞️Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан маңызды ойларын ұсынамыз:

▫️Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін

▫️Біз коронавирус індетінен бастап қазірге дейін дағдарысты жағдайлардың бәрінен ойдағыдай өтіп келеміз

▫️Көктемгі су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған шаралар мемлекеттің тиімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Зардап шеккен бір де бір отбасы көмек-қолдаусыз қалған жоқ

▫️Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан менің қызметімде сыртқы саясатқа басымдық беріліп кетті деген пікір дұрыс емес

▫️Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді

▫️«Таза Қазақстан» акциясына 3,8 млнға жуық адам қатысты. 1,5 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,2 млннан астам көшет егілді. Осының өзі азаматтарымыздың сана-сезімі жоғары, олардың Қазақстанды өзгертуге нақты іспен үлес қосуға дайын екенін көрсетпей ме?

▫️Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты

▫️Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын. Нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр

▫️Қаңтар оқиғасына қатысты: Бір нәрсе анық, сол кезде тәртіпсіздікті бастаған және төңкерісті ұйымдастырған адамдардың қимылына дереу тосқауыл қойып, батыл әрекет жасамағанда, қазір Қазақстан дербестігі мен егемендігі әлдеқайда шектеулі, мүлде басқа мемлекетке айналар еді.
Біз халықтың берекелі бірлігінің арқасында осы ауыр сынақтан сүрінбей өттік

▫️Әділдік – бәрін теңестіру деген сөз емес. Менің ел байлығын әділ бөлу туралы ұстанымым меншік иелерін мүлкінен түгел айырып, активтерді қайта бөлу дегенді білдірмейді. Біз іштен іруге және жүгенсіздіктің белең алуына әкеп соқтыратын мұндай жолмен жүрмейміз

▫️Заңсыз алынған қаржы және басқа да активтерді қайтаруға қатысты жұмыс­тың нәтижесінде 2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?

▫️Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек. Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін. Қазір біз шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз

🔷Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады

🔷Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️Менің «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» атты тұжырымдамам Қазақстанның саяси жүйесіне ең қолайлы тұжырымдама екеніне сенімдімін. Бірақ оны толығымен жүзеге асыру үшін біз әлі талай жұмыс істеуіміз керек

▫️Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты

Бизнеске мүлде қысым көрсетілмеуі керек. Шенеуніктер мен күштік құрылымдардың қыз­меткерлерін мұндай әрекеттері үшін жазалап жатырмыз, алдағы уақытта да жауапкершілікке тартатын боламыз. Ал кәсіпкерлер алаяқтық жасамай, заң аясында жұмыс істеуге тиіс

▫️Президент Путин – тәжірибелі мемлекет қайраткері. Ол Қазақстанның ерекшелігін және Орталық Азия аймағындағы ең ірі экономикасы бар маңызды ел екенін жақсы түсінеді. Сондықтан Ресей біздің елмен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын нығайту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр

▫️Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын

▫️Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде Төраға Си Цзиньпин Қытайдың елімізге ешқашан зиянын тигізбейтінін, біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді барынша қолдайтынын атап өтті. Бұл – өте маңызды мәлімдеме

▫️Президент Дональд Трамппен мазмұнды әрі ашық әңгіме болды. Ол Қазақстанға АҚШ-тың маңызды стратегиялық серіктесі ретінде жақсы қарайтынын сеніммен айта аламын

▫️Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Жеңісті мерекелеуге арналған жоспарда көптеген іс-шара қамтылған. Оның ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды

▫️Ана тіліміздің болашағы жарқын екеніне менің еш күмәнім жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде халқымызды ұйыстыру жолында маңызды рөл атқара береді. Бірақ тіліміздің тұғырын нығайтамыз деп, оны басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне қарсы қоймау керек

▫️Мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу. Мен бұл шаруамен үнемі айналысамын.

🔷Азаматтарымыз шетелде жүрсе де, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеп, еліміздің абырой-беделін арттыруға атсалысып, Отанына пайдасын тигізе алады. Қазақстан деген брендті әлемге таныту да маңызды миссияның бірі

🔷Дегенмен шетелге шығу «Барсакелмеске» кету деген сөз емес. Ұл-қыздарымыздың жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибе жинақтап, Қазақстанға оралғаны жөн.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтаудағы ұшақ апаты: Президент «Ana tili» газетіне берген сұхбатында құтқарушылар мен дәрігерлердің кәсібилігі жоғары деңгейде екенін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗞️🗳️Парламент сайлауы мерзімінен бұрын өте ме? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтты.

@ptrkkz
🇰🇿🕑1 наурызға дейін зерттеу жүргізіледі. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді –Президент уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді.

@ptrkkz
🇰🇿Мемлекет басшысы: Заң мен тәртіп – кемел демократияның тірегі.

🗞️Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент «Ana tili» газетіне берген сұхбатында су тасқыны жайлы: Зардап шеккен бір де бір отбасы көмек-қолдаусыз қалған жоқ.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🌱Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетінде жарияланған сұхбатында «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алғанын тілге тиек етті.

Президент акция барысында 3,8 млнға жуық адам қатысып, 1,5 млн тоннадан астам қоқыс жиналғанын сөз етті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамынПрезидент

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент – «Құдайдың жердегі көлеңкесі» емес- Қ.Тоқаев

🗞️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы туралы тоқталып өтті.

@ptrkkz
2025/01/06 04:31:48
Back to Top
HTML Embed Code: