Notice: file_put_contents(): Write of 1776 bytes failed with errno=28 No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 50

Warning: file_put_contents(): Only 8192 of 9968 bytes written, possibly out of free disk space in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
АО «НК «QazaqGaz» | Telegram Webview: qazaqgazkz/2389 -
Telegram Group & Telegram Channel
QazaqGaz Малдыбай учаскесін игеруді бастады:газдың жаңа көздері ашылды
 
Мемлекет басшысының табиғи газдың ресурстық базасын арттыру туралы тапсырмасы аясында өткен қараша айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Малдыбай учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісім-шартқа қол қойды. Келісім-шартқа сәйкес, QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілесі кәсіпорны - «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС мамандары 2D және 3D сейсмикалық барлау зерттеулерін, бұрын бұрғыланған ұңғымаларды қалпына келтіру және игеру, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды бұрғылауды қамтитын барлау жұмыстары жобасын әзірледі.
«2025 жыл Ұлттық компанияда геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы деп жарияланды. Біз геологиялық барлау бағытында жұмысымызды қарқынды жасап жатырмыз, биыл алғашқы нәтижелерге де қол жеткіздік. Малдыбай учаскесіндегі жойылған №4Г ұңғымасын қалпына келтірдік. Соның арқасында төменгі карбонның визе горизонтының өнімділігі анықталды, яғни газдың жаңа көздері ашылды. Әрі қарай сейсмикалық зерттеу жүргізу және екі барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарлануда», - деді QazaqGaz ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
Аталған іс-шаралар Малдыбай учаскесін игерудің бастамасы болып саналады. Айта кету керек, келесі жылы жер қыртысын гидравликалық жару әдісімен өндірісті қарқындату жұмыстарын сынақтан өткізе отырып жүргізу жоспарлануда. Бұдан басқа, жойылған тағы бір ұңғыманы қалпына келтіру көзделген.
Видеода ұңғыманы игеру кезіндегі, өндірістік қажеттілікке орай, факелдің уақытша жандыру процесі көрсетілген.
Бұған дейін QazaqGaz қысқа уақытта Жамбыл облысының Анабай кен орнында №17 ұңғыманы (3690 метр)  бұрғылау бойынша жұмыстаржүргізіліп, ұңғыманың жоғары өнімділігін растайтын көлемді газ көзі табылғанын, сөйтіп тәулігіне 120 мың м3 газ алына бастағанын, бұның жобалық көрсеткіштен екі есе арты екендігін жариялаған еді.

group-telegram.com/qazaqgazkz/2389
Create:
Last Update:

BY АО «НК «QazaqGaz»

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/qazaqgazkz/2389

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Telegram, which does little policing of its content, has also became a hub for Russian propaganda and misinformation. Many pro-Kremlin channels have become popular, alongside accounts of journalists and other independent observers. In this regard, Sebi collaborated with the Telecom Regulatory Authority of India (TRAI) to reduce the vulnerability of the securities market to manipulation through misuse of mass communication medium like bulk SMS. Russian President Vladimir Putin launched Russia's invasion of Ukraine in the early-morning hours of February 24, targeting several key cities with military strikes. "He has kind of an old-school cyber-libertarian world view where technology is there to set you free," Maréchal said. Emerson Brooking, a disinformation expert at the Atlantic Council's Digital Forensic Research Lab, said: "Back in the Wild West period of content moderation, like 2014 or 2015, maybe they could have gotten away with it, but it stands in marked contrast with how other companies run themselves today."
from ca

Telegram АО «НК «QazaqGaz»
FROM American