Telegram Group & Telegram Channel
Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.

➤ Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

🔘Отырысқа қатысушылар Үкіметтің қолайлы бизнес-орта құруға, өсу серпінін сақтауға және экономикалық даму сапасын арттыруға бағытталған реформалары туралы хабардар болды.

Әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шеңберінде әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу, салық есептілігін 30%-ға қысқарту және салық төлемдері түрлерінің санын 20%-ға азайту көзделгені атап өтілді. Өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі, шикізатты қайта өңдеушілер жабдықтың импорты бойынша ҚҚС төлеу мерзімін ұзартады. Сонымен қатар роялтиге салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.

➤ Отырыста Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Йеркин, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО-ның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалиньский, Deloitte серіктесі Елдос Сыздықов, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин, ExxonMobil Қазақстан бойынша басқарушы директоры Сесиль Раулин, Pfizer аймақтық директоры Дмитрий Козенков сөз сөйледі.

🔵 Көтерілген тақырыптарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев түсініктеме берді.

➤ Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы ҚҚС қайтару аясында рекордтық 1,2 трлн теңге төленген. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты қайтару рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыратын жаңа ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіледі.

Жиынды қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсыныстар мен бастамалар үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі ашық диалог пен өзара үйлесімді іс-қимылға дайын.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15621
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15621

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In 2014, Pavel Durov fled the country after allies of the Kremlin took control of the social networking site most know just as VK. Russia's intelligence agency had asked Durov to turn over the data of anti-Kremlin protesters. Durov refused to do so. On Feb. 27, however, he admitted from his Russian-language account that "Telegram channels are increasingly becoming a source of unverified information related to Ukrainian events." As a result, the pandemic saw many newcomers to Telegram, including prominent anti-vaccine activists who used the app's hands-off approach to share false information on shots, a study from the Institute for Strategic Dialogue shows. "The argument from Telegram is, 'You should trust us because we tell you that we're trustworthy,'" Maréchal said. "It's really in the eye of the beholder whether that's something you want to buy into." Despite Telegram's origins, its approach to users' security has privacy advocates worried.
from de

Telegram UKIMET
FROM American