Telegram Group & Telegram Channel
6 мың жұмыс орнын ашу, экспорттың өсуі және ішкі құн үлесі: Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды.

🔷 «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин экономиканың шикізаттық емес секторын жалпы құны 4,09 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Өткен жылмен салыстырғанда қолдау көлемі 52%-ға артты. Барлығы 58 мыңға жуық квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын жеке компаниялар мен ұйымдар қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын арттыру нәтижесінде өңірлерде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірушілер 7,3 трлн теңгенің өнімін шығарды және қызмет көрсетті. Сондай-ақ экспорт көлемі үштен бір есеге артып, 1,046 трлн теңгеден асты.

🔘 Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, холдинг құралдары және оның құрылымдары арқылы шаруалар 10,5 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алды. Сондай-ақ көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын нарық жағдайында облигациялық қарыздарды тарту есебінен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. «Жасыл» экономиканы дамыту мақсатында энергетика саласында құны 14,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба қолдау тапты.

✔️ Премьер-министрге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы ішкі құн үлесін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Жұмыстарда үлес 2023 жылы 97,9%-дан 2024 жылы 99,9%-ға дейін, қызметтерде 94%-дан 96%-ға дейін, тауарларда 3%-дан 48%-ға дейін өсті. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобы бойынша өткен жылы сатып алудың жалпы көлемі 54 млрд теңгені құрады. Бұл ретте отандық өндірушілерден 46 млрд теңгеге немесе 85%-ға тауарлар мен жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15599
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15599

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Pavel Durov, Telegram's CEO, is known as "the Russian Mark Zuckerberg," for co-founding VKontakte, which is Russian for "in touch," a Facebook imitator that became the country's most popular social networking site. In this regard, Sebi collaborated with the Telecom Regulatory Authority of India (TRAI) to reduce the vulnerability of the securities market to manipulation through misuse of mass communication medium like bulk SMS. "Russians are really disconnected from the reality of what happening to their country," Andrey said. "So Telegram has become essential for understanding what's going on to the Russian-speaking world." The message was not authentic, with the real Zelenskiy soon denying the claim on his official Telegram channel, but the incident highlighted a major problem: disinformation quickly spreads unchecked on the encrypted app. Individual messages can be fully encrypted. But the user has to turn on that function. It's not automatic, as it is on Signal and WhatsApp.
from es

Telegram UKIMET
FROM American