Telegram Group & Telegram Channel
2024 ЖЫЛҒА ШОЛУ

2024 жыл Air Astana үшін ұзақ мерзімді өсу, аймақтық авиация көшбасшылығын нығайту және ашықтық пен кемелдік жылы болды. IPO-ның сәтті өтуі мен өзге де жетістіктер мәнді оқиға болды.

Флоттың кеңеюі Air Astana компаниялар тобының флоты 10 ұшақпен толығып, жоспарды озумен 57 әуе кемеге дейін ұлғайды. Компания 2028 жылға қарай флотты 80 ұшаққа дейін кеңейту жөніндегі жоспар шеңберінде ұшақтардың операциялық лизингі туралы қосымша 14 келісім жасасты. Қазіргі уақытта Air Astana-ның флоты Airbus және Boeing әуе кемелерінен тұрады.

Маршруттық желі Маршруттық желіні кеңейту аясында Air Astana Алматы мен Астанадан Фукуок (Вьетнам) пен Абу-Дабиге, Астана-Пхукет, Атырау-Дубай бағыттарына, сондай-ақ Шымкент пен Алматыдан Мединаға, және Шымкент-Жидда рейстерін іске қосты. Сонымен қатар, ковидтан тоқтатылған бағыттарды қалпына келтірді және 2025 жылға Алматы-Франкфурт бағытының ашылатыны туралы хабарлады. Компания Etihad Airways және Japan Airlines сияқты жетекші әуе тасымалдаушыларымен кодшеринг келісімдер жасады. Air Astana-да 9 кодшеринг серіктестігі мен 85 интерлайн келісімі бар.

Жердегі және әуе қызметі Air Astana Алматы әуежайының халықаралық терминалында The Shanyraq бизнес-залын ашып, Астана әуежайының 2-ші терминалында өз бизнес-залын жаңартты. Қысқы маусымға дайындық барысында әуекомпания екі шетелдік мұздануға қарсы машинасын сатып алды. Сондай-ақ, Air Astana елордалық Ұлттық кітапханасымен меморандумға қол қойып, борттық ойын-сауық жүйесіне қазақтың күйлерін және қазақ тіліндегі аудиокітаптарды енгізді. Борттық тамағының мәзірі жаңартылып, жергілікті және халықаралық тағамдардың алуан түрі ұсынылды, сондай-ақ ерекше диеталық қажеттіліктері бар жолаушыларға арналып мәзір әзірленді.

Әуе кадрларын дамыту Әуепарктің өсуіне және бағыттар желісінің ұлғаюына байланысты әуекомпания жердегі қызмет көрсету агенттерін, бортсеріктер мен ұшқыштарды қоса алғанда, кадрларды белсенді іріктеуді жалғастырды. Ұшқыштар үшін Ab-initio бағдарламаларына және авиатехниктерді оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, Air Astana Ұшуға даярлау орталығында шұғыл эвакуациялау және өрт сөндіру экипажын оқытуға арналған кешенді тренажерлар пайдалануға берілді. Ел ішінде ұшқыштарды даярлау үшін екінші жоғары технологиялық авиасимуляторды жеткізуге келісімшарт жасалды.

ESG Air Astana су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 миллиард теңге бөлді және 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Әуекомпанияның «Жас Қыран»бағдарламасы 41 дарынды оқушыға халықаралық жарыстарда қатысуға мүмкіндік берді. Air Astana елдегі алғаш ESG Awards сыйлығын өткізіп, тұрақты даму саласындағы серіктестерінің үлесін атап өтті.

Халықаралық марапаттар Air Astana 12-ші рет SkyTrax World Airline Awards сыйлығында «Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік әуе компаниясы» атанды. Сондай-ақ, компания Сингапурдегі APEX Awards-та «Орталық Азияның ең үздік әуе компаниясы» атанып, АҚШ-тағы марапатының ірі әуе компаниялар рейтингісінде бес жұлдызын алды. Бас атқарушы директор Питер Фостер Airline Strategy Award сыйлығына ие болды.

Ұшу қауіпсіздігі
2024 жыл әлемдік авиация үшін қайғылы оқиғалармен аяқталды - екі ірі апат және бірнеше ауыр оқиғалар орын алды. Қаза болғандардың отбасыларына және бұл оқиғалардан зардап шеккен әуекомпаниялар қызметкерлеріне көңіл айтамыз. Қауіпсіздік тәуекелдерін азайту үшін бүкіл сала тарапынан атқарылған үлкен жұмыстарға қарамастан, мұндай оқиғалардың болуы ықтимал. Air Astana компаниялар тобы әлемдік авиациялық қауымдастықтың мүшесі ретінде қауіпсіздікті өз миссиясының негізі етіп, осы бағыттағы жұмысын жалғастырады.

group-telegram.com/PR_AirAstana/619
Create:
Last Update:

BY Air Astana press-releases

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/PR_AirAstana/619

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The Securities and Exchange Board of India (Sebi) had carried out a similar exercise in 2017 in a matter related to circulation of messages through WhatsApp. Recently, Durav wrote on his Telegram channel that users' right to privacy, in light of the war in Ukraine, is "sacred, now more than ever." So, uh, whenever I hear about Telegram, it’s always in relation to something bad. What gives? It is unclear who runs the account, although Russia's official Ministry of Foreign Affairs Twitter account promoted the Telegram channel on Saturday and claimed it was operated by "a group of experts & journalists." Stocks dropped on Friday afternoon, as gains made earlier in the day on hopes for diplomatic progress between Russia and Ukraine turned to losses. Technology stocks were hit particularly hard by higher bond yields.
from es

Telegram Air Astana press-releases
FROM American