Telegram Group & Telegram Channel
“Ақ жол” бұған дейінгі мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасырын жасалған келісімшарттарды халыққа жария етуді талап етті

“Ақ жол” фракциясының
Премьер-Министрі
Ә.Смайыловқа
депутаттық сауал
 
Былтырғы 5 маусымда өткен референдумда Конституцияға «Жер жəне оның қойнауы ... басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деген норма енгізілген болатын.
Уақыт созбай, 15 маусымда осы норманы жүзеге асыру мақсатымен, «Ақ жол» фракциясы үкіметке Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жасалған ең ірі мұнай және газ кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған бойынша өнімді бөлу туралы (СРП) келісімшарт талаптарын ашық түрде жария ету туралы сауал жолдадық.
Бірақ, 2022 жылғы 15 тамыздағы жауабында Үкімет, инвесторлардың келіспейтіндігін алға тартып, осы талабымызға қарсы болды.
Сонда, біздің шенеуніктер, қазба байлықты шетелдік компаниялардың қалай пайдаланып отырғаны туралы ақпаратты сол қазынаның иесі болған халықтан жасырмақ па?
Осы арада Orda.kz сайтында Wood Mackenzie халықаралық консалтингтік компаниясына сілтеме жасай отырып, ең ірі мұнай-газ кен орны Қашағанды игеруден Қазақстанға 2-ақ пайыз түсетін пайда туралы ақпарат жариялады. Ал, қалған 98 процент табысты шетелдіктер өздеріне қалдырып отыр.
Бұл ақпарат шын болса, олардың неліктен оны ашуға қарсы екені түсінікті болған сияқты.  
 
Сонымен қатар, Тәуелсіздік алғаннан бері, ешбір шетелдік инвестор 30 жыл ішінде бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ, тек байлығымызды сыртқа шығарып, сатып жатқаны кездейсоқ емес.
Нәтижесінде, Қазақстан өз мұнай-газынан тиісті табыс таппай, оның үстіне жыл сайын жағармай тапшылығы орын алып, монополистер оны баға көтеру үшін пайдаланып жатыр.
Ал, шенеуніктер бұл мәселеге жылдар бойы немқұрайлы қарап отыр.
 
Тек биыл ғана ашық мәліметтер бойынша, үкімет Қарашығанақ пен Қашағандағы шетелдік инвесторлардың рұқсат етілмеген шығындары үшін (қоса алғанда 16,5 миллиард доллар) және Қашағандағы экологиялық бұзушылықтар үшін (5,1 миллиард доллар) айыппұл талап етті.
 
«Ақ жол» демпартиясы бұл талаптарды толығымен қолдайды.
Біздің фракция, өткен жылдары шикізат гиганттарымен жұмыс аясында, импортты алмастыру және жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын техника мен жабдықтарды өндіруге технологиялар мен лицензияларды беру сияқты офсеттік саясат шаралары, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету арқылы отандық өндірісшілердің мүддесін қорғауды парламенттік мінбеден бірнеше рет талап еткен болатынбыз.
 
Сонымен бірге, барлық мұнай-газ және кен орындары бойынша СРП шарттарын ашуды қайта талап етеміз. Сонда ғана, Қазақстан халқы өз байлығын қалай пайдаланып жатқанын білуге; ал Парламенттің бұл салада ұлттық мүддемізді толыққанды қорғауға мүмкіндігі болады.
 
Ия, ірі мұнай-газ жобалары бойынша СРП (өнімді бөлу туралы) келісімдерге тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қол қойылған.
«Ақ жол» демпартиясы Қазақстанға түсетін пайданы ұлғайту, шетелдік инвесторлар жұмысындағы жергілікті қамту бойынша талаптарын күшейту мақсатында, осы келісімдерді қайта қарайтын уақыт келді деп санаймыз.
 
Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы келесіні талап етеді:
 
1. СРП (Өнімді бөлу туралы келісімдердің) шарттарын халыққа ашық және оларды «e.gov» үкімет порталында жариялау.
2. Сол келісімдерде ұлттық мүддемізді қорғап, еліміз үшін тиімсіз және халықтан жасырын нормаларды болдырмау.
3.  Барлық ірі мұнай-газ жобаларында Қазақстан үлесін арттыру. Біздің ойымызша, Конституцияның жаңа нормасына сәйкес Қазақстанның мұнай-газ жобаларындағы үлесі кем дегенде 51 процент құрауы тиіс деп санаймыз.
4. Инвесторларды өз жұмысында қолданатын құрал-жабдықтар мен саймандарды өндіруге арналған техникалық құжаттамаларды отандық өндірісшілерге беру, осыған сәйкес шығарған өнімді сатып алу, жергілікті мамандар мен қазақстандық мердігерлерді қызмет көрсетуге максималды түрде тарту арқылы ұлттық экономикамыздың дамуына үлес қосуға міндеттеу керек.
5. Сондай-ақ, осы мәселелер бойынша инвесторлармен Үкіметтің келіссөздер тобына, және де бұл тақырыпты халықаралық деңгейде қарастырғанда, «Ақ жол» демпартиясы өз депутаттарын қосуға дайын.
 
«Ақ жол” фракциясы

group-telegram.com/peruash/8832
Create:
Last Update:

BY Азат Перуашев

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/8832

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

DFR Lab sent the image through Microsoft Azure's Face Verification program and found that it was "highly unlikely" that the person in the second photo was the same as the first woman. The fact-checker Logically AI also found the claim to be false. The woman, Olena Kurilo, was also captured in a video after the airstrike and shown to have the injuries. Multiple pro-Kremlin media figures circulated the post's false claims, including prominent Russian journalist Vladimir Soloviev and the state-controlled Russian outlet RT, according to the DFR Lab's report. Right now the digital security needs of Russians and Ukrainians are very different, and they lead to very different caveats about how to mitigate the risks associated with using Telegram. For Ukrainians in Ukraine, whose physical safety is at risk because they are in a war zone, digital security is probably not their highest priority. They may value access to news and communication with their loved ones over making sure that all of their communications are encrypted in such a manner that they are indecipherable to Telegram, its employees, or governments with court orders. Elsewhere, version 8.6 of Telegram integrates the in-app camera option into the gallery, while a new navigation bar gives quick access to photos, files, location sharing, and more. One thing that Telegram now offers to all users is the ability to “disappear” messages or set remote deletion deadlines. That enables users to have much more control over how long people can access what you’re sending them. Given that Russian law enforcement officials are reportedly (via Insider) stopping people in the street and demanding to read their text messages, this could be vital to protect individuals from reprisals.
from es

Telegram Азат Перуашев
FROM American