Telegram Group Search
ҚТЖ PRESS
Photo
🤝2025 жылғы 24 ақпанда Бейжіңде “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ басшылығы “Қытай темір жолдары” корпорациясының басшысы Го Чжусюэ мырзамен кездесті.

📈ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдау көлемі 2024 жылы рекордтық 32 млн тоннаны құрап, 13%-ға өсті, ал 2025 жылдың қаңтарында өсім 18% болды. ТХКБ бойынша тасымалдау көлемі 33 есе артты. Наурыз айында қытайлық темір жолдардың “MIDDLE CORRIDOR MULTIMODAL Ltd.” компаниясына қосылуы маршруттың дамуын жеделдетеді.

📌Кездесуде 2025 жылға арналған жоспарлар бекітіліп, жауапты орындаушылар мен мерзімдер анықталды. 1 наурыздан Алтынкөл-Қорғас бағыты бойынша пойыздар саны тәулігіне 8-ден 15-ке, 1 шілдеден Достық-Алашаңқай бағыты бойынша 14-тен 28-ге дейін артады. Бұл экспорттық әлеуетті күшейтіп, отандық өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашады.

🤝24 февраля 2025 года в Пекине руководство АО «НК «Қазақстан темір жолы» встретилось с главой «Китайских железных дорог» Го Чжусюэ.

📈Объем перевозок между РК и КНР в 2024 году достиг рекордных 32 млн тонн (+13%), а в январе 2025 года прирост составил 18%. Особое внимание уделено развитию ТМТМ, объем перевозок по которому вырос в 33 раза. В марте китайские железные дороги присоединятся к «MIDDLE CORRIDOR MULTIMODAL Ltd.», что придаст маршруту новый импульс.

📌По итогам встречи согласованы планы на 2025 год. С 1 марта увеличится сдача поездов через Алтынколь–Хоргос (с 8 до 15 в сутки), а с 1 июля — через Достык–Алашанькоу (с 14 до 28). Это усилит экспортный потенциал и создаст новые возможности для казахстанских производителей.
ҚТЖ PRESS
Photo
🤝“ҚТЖ” басшылығы CRRC корпорациясының басшысы Сунь Юнцай мырзамен кездесті. Тараптар 200 локомотив жеткізу жөніндегі уағдаластықтардың табысты іске асуын атап өтті. Биыл Қазақстанға 90 магистральдық және маневрлік тепловоз, соның ішінде 1520 мм жолтабандағы алғашқы гибридті маневрлік локомотивтер жеткізіледі.

 📄Анықтама: маневрлік локомотив орташа есеппен тәулігіне 4-тен 6 сағатқа дейін жұмыс істейді. Бұл жағдайда технология бойынша қозғалтқыш әрқашан қыздырылған күйде болуы керек. Гибридті локомотивтерді қолдану отын үнемдеуге мүмкіндік береді.

📌CRRC елімізде сервистік орталықтар құрып, қызметкерлерді оқытуды бастады. Сондай-ақ, цифрландыру, жол және байланыс желісін инспекциялау, жоғары жылдамдықты қозғалысқа арналған жылжымалы құрам, жүк вагоны арбасының жолтабанын өзгерту технологиялары сияқты перспективалы бағыттар талқыланды.

🤝Руководство КТЖ встретилось с главой CRRC Сунь Юнцаем. Стороны подтвердили успешную реализацию договоренностей по поставке 200 локомотивов. В этом году в Казахстан будет поставлена первая партия (90 единиц) магистральных и маневровых тепловозов, в том числе будут поставлены первые на пространстве колеи 1520 мм гибридные маневровые локомотивы.

📄Справочно: маневровый локомотив в среднем работает в движении от 4 до 6 часов в сутки. При этом по технологии двигатель должен быть всегда в горячем состоянии. Применение гибридных локомотивов позволит обеспечить экономию топлива.

📌CRRC также создаст в РК сервисные центры и обучит персонал. Обсуждены перспективные проекты: цифровизация, инспекция путей, высокоскоростной подвижной состав и технологии изменения ширины колеи.
ҚТЖ PRESS
Photo
🚆Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушыларға 58 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.

🔹Халықаралық әйелдер күніне орай 265 қосымша тіркеме вагоны қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:

№6811/6812 «Астана-1- Бурабай курорты» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
№6868/6869 «Теміртау-Ақадыр» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).

🚄Жалпы пойыздарда 18 мыңнан астам қосымша орын бөлінеді.

🔸Наурыз мейрамы кезінде 3 пойыз қосымша  жолға шығады:
№201/202 «Астана (НЖ)-Алматы-1» – 20, 21, 23, 24 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
№203/204 «Астана-1-Шымкент» – 21, 22, 24, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
№257/258 «Ақтөбе-Астана (НЖ)» – 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).

🔘Қосымша электр пойыздары:
№6811/6812 «Астана-1-Бурабай курорты» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
№7553/7556 «Қарағанды-Астана-1» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).

Сонымен қатар, жоғары бағыттарға 432 қосымша тіркеме вагоны қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады.

📌Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

🚆К Международному женскому дню и Наурыз мейрамы пассажирам будет предоставлено более 58 тысяч дополнительных мест на поезда.

🔹К 8 Марта будет добавлено 265 прицепных вагонов и пригородные электропоезда:

Электропоезд №6811/6812 «Астана-1 – Курорт Боровое» будет курсировать 7, 8, 9, 10 марта (туда и в обратном направлении);
Электропоезд  №6868/6869 «Темиртау-Акадыр» будет курсировать 7, 8, 9, 10 марта (туда и в обратном направлении).

🚄Всего на 8 Марта будет выделено дополнительно 18 тысяч мест.

🔸На Наурыз мейрамы назначается дополнительные три поезда:

№201/202 «Астана (НЖ)–Алматы-1» будет курсировать 20, 21, 23, 24 марта (туда и в обратном направлении);
№203/204 «Астана-1 – Шымкент» будет курсировать 21, 22, 24, 25 марта (туда и в обратном направлении);
№257/258 «Актобе-Астана (НЖ)» будет курсировать 16, 18, 20, 22, 23, 25 марта (туда и в обратном направлении).

🔘Дополнительные электропоезда:

№6811/6812 «Астана-1-Курорт Боровое» будет курсировать 21, 22, 23, 25 марта (туда и в обратном направлении);
№7553/7556 «Караганды-Астана-1» будет курсировать 21, 22, 23, 25 марта (туда и в обратном направлении).

Также будет добавлено 432 прицепных вагона, обеспечивающих более 20 тысяч мест.

📌Билеты доступны на bilet.railways.kz и в кассах вокзалов.
ҚТЖ PRESS
Photo
🔹Қызылорда өңірінде 1100-ден астам теміржолшы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқудан өтті. Бұл курс қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

📄Оқытуды ҚТЖ-ның ішкі жаттықтырушылары – өндірісте жазатайым оқиғаларды бастан өткерген қызметкерлер жүргізуде. Олар өз тәжірибесі арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

🔘Курс теміржолшылардың өндірістік қауіпсіздік құзыреттерін дамытып, жазатайым оқиғалардың алдын алу құралдарын қолдануға үйретеді. Қатысушыларға зардап шеккендердің отбасылары мен туыстарының әңгімелері бар бейнефильмдер көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдары тереңірек түсіндіріледі.

📌Бағдарлама жыл басында Жамбыл өңірінде басталып, жыл бойы барлық өңірлерді қамтиды. Ол корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жарақаттану деңгейін төмендетуге және еңбек тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

🔹Более 1100 железнодорожников Кызылординского региона прошли обучение по курсу «Культура безопасности труда», направленному на повышение осознанности в сфере охраны труда.

📄Курс проводят внутренние тренеры КТЖ – сотрудники, пережившие несчастные случаи на производстве. На своем примере они подчеркивают важность соблюдения правил безопасности.

🔘Обучение помогает железнодорожникам развивать компетенции в области производственной безопасности и использовать проактивные инструменты для предотвращения несчастных случаев. В рамках курса демонстрируются видеофильмы с реальными историями пострадавших, что усиливает осознание последствий нарушений.

📌Программа стартовала в начале года в Жамбылском регионе и в течение года охватит все регионы. Ее цель – формирование культуры безопасности, снижение травматизма и повышение эффективности труда.
ҚТЖ PRESS
Photo
🛠️2025 жылы ҚТЖ магистральдық желісі Ақмола бөлімшесінің шекараларында 110 км астам теміржол төсемі жаңартылады, оның 62 км – күрделі.

🛤️Күрделі жөндеу кезінде Жаңаесіл 1 –Целинная, Қарағай – Васильковка, Жақсы –Қазақ учаскелерінде ескі жол алынып, жаңа рельсті-шпал торы салынады.  
Күрделі жұмыстардан басқа, биыл ақмолалық теміржолшылар 34 км рельсті тіректерді және темірбетон негізіндегі бағыттамалы бұрмалардың 99 кешенін ауыстырады. Сондай-ақ, Бауманская– Пресногорьковская, Саумалкөл-Уголки және т. б. күшейтілген орташа, орташа жөндеу жұмыстарын (14 км) жүргізеді.

🔹Жөндеу жұмыстары кезінде теміржолшылар ауыр типтегі жоғары өнімді машиналарды (РM, Duomatic, РШП-Atlas, Unimat және т.б.) қолданады.

🔩Қазақстанда 2025 жылы барлығы 1480 шақырым теміржол жөнделеді. 2024 жылы 1407км жол жаңғыртылса, оның 570 км күрделі жөндеумен қамтылды.

🛠️В 2025 году в границах Акмолинского отделения магистральной сети КТЖ обновят более 110 км железнодорожного полотна, из которых 62 км – капитально.
Во время капитального ремонта на участках Жанаесиль 1 – Целинная, Карагай – Васильковка, Жаксы – Казахская демонтируют старый путь и будет уложена новая рельсо-шпальная решетка.

🛤️Кроме капитальных работ в этом году акмолинские железнодорожники заменят рельсовые опоры на 34 км, произведут замену 99 комплексов стрелочных переводов на железобетонном основании. Также выполнят усиленный средний, средний ремонт (14 км) на Бауманская – Пресногорьковская, Саумалкол – Уголки и др.

🔹Во время путеремонтных работ железнодорожники применяют высокопроизводительные машины тяжелого типа (РМ, Duomatic, РШП-Атлас, Unimat и др.).

🔩Всего в Казахстане в 2025 году отремонтируют 1480 км железной дороги. В 2024 году модернизировано 1407 км, из которых 570 км охвачено капитальным ремонтом.  
Forwarded from SAMRUK-KAZYNA official
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесі өндіріске, мысалы «Локомотив құрастыру зауытына» қандай қолдау көрсетті?

❇️«Самұрық-Қазынаның» сатып алу ережелері отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар (20 жылға дейін) жасасуға мүмкіндік береді. Бұл кепілді тапсырыстардың болуына және жаңа салалардың дамуына ықпал етеді.

Мысалы, «Локомотив құрастыру зауыты» өзінің негізгі тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» үшін 582 локомотив (жүк, жолаушы және маневрлік) әзірледі.

Сонымен қатар, 2009 жылы америкалық Wabtec компаниясының көмегімен негізі қаланғаннан бері ЛҚЗ локализация деңгейін 40%-ға дейін арттырды.

🔘

Как система закупок «Самрук-Қазына» поддерживает производство - на примере «Локомотив құрастыру зауыты»

❇️Правила закупок «Самрук-Қазына» позволяют заключать долгосрочные контракты (до 20 лет) с отечественными производителями, что даёт им гарантированные заказы и стимулирует развитие новых отраслей.

Так, «Локомотив құрастыру зауыты» поставил для своего основного заказчика - «Қазақстан темір жолы» 582 локомотива (грузовые, пассажирские и манёвровые).

Кроме того, с момента своего основания американской компанией Wabtec в 2009 году ЛКЗ добился значительной локализации – до 40%.
ҚТЖ PRESS
Video
🚆❄️Қыстың басынан бері 70 мың текше метрден астам қар Ақтөбе бөлімшесінің станциялық жолдарынан шығарылды
 
🔹Елдің кейбір өңірлерінде ылғалдың көптігі атап өтілуде. Осыны ескере отырып, теміржолшылар көктемгі тасқын суларды өткізу үшін шаралар қабылдауда. Қыстың басынан бастап Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде темір жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.  

🔘Бөлімше қарамағында – 58 бірлік қар тазалау техникасы бар, бұл қардың салдарын тез жоюға және пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қыстың басынан бастап станция жолдарынан 73 162 текше метр қар шығарылды. Күн сайын бағыттамалық бұрмаларды тазартуға жолдистанциясының 370 дейін қызметкері шығады. Теміржолшылар магистральда қауіпсіздікті және үздіксіз жүруді қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.

🚆❄️Свыше 70 тысяч кубометра снега с начала зимы вывезено со станционных путей Актюбинского отделения

🔹В некоторых регионах страны отмечается повышенное количество выпавших осадков. Учитывая это, железнодорожники принимают меры для пропуска весенних паводковых вод. С начала зимы в Актюбинском отделении магистральной сети ведется работа по очистке железнодорожных путей от снега.

🔘В распоряжении отделения — 58 единиц снегоочистительной техники, что позволяет быстро устранять последствия снегопадов и обеспечивать бесперебойное движение поездов. С начала зимы уже вывезено 73 162 кубометра снега со станционных путей. Каждый день на расчистку стрелочных переводов выходят до 370 работников дистанции пути. Железнодорожники продолжают круглосуточную работу для обеспечения безопасности и бесперебойности движения на магистрали.
ҚТЖ PRESS
Photo
🛤️«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жамбыл бөлімшесінде жол шаруашылығы инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Басты бағыттардың бірі – темір жолдардың ағаш негізін темірбетонға ауыстыру.

🛠️Соңғы бес жылда 192,64 км жолға 242 556 жаңа темірбетон шпалы төселді. 2025 жылы 52 км-ден астам жол күрделі жөндеуден өтеді, 13,4 км жолда рельстік тіректер жаңартылады. Жұмыстарды Ақадыр машиналандырылған дистанциясы СМД-80 техникасын қолдана отырып жүргізеді. Сондай-ақ, Шу машиналандырылған дистанциясының 61 арнайы техникасы магистраль жөндеуінде қолданылады.

🔩Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жалғасады: 29 мың текше метр қиыршық тас төселіп, 32 жаңа бағыттамалы бұрма орнатылады.

🛤️В Жамбылском отделении магистральной сети АО «НК «ҚТЖ» модернизируют инфраструктуру путевого хозяйства. Ключевое направление — замена деревянных шпал на железобетонные.

🛠️За пять лет уложено 242 556 новых шпал на 192,64 км пути. В 2025 году капитально отремонтируют свыше 52 км, заменят рельсовые опоры на 13,4 км. Работы проведут с применением техники Акадырской и Шуской машинизированных дистанций.

🔩Также продолжится восстановление станции Берлик-2: уложат 29 тыс. куб. м щебня и 32 стрелочных перевода.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥Өрт сөндіру пойызы Семейдегі ауқымды өртті сөндіруге қатысты

🔥2025 жылдың 1 наурызында сағат 19:00-де Семей станциясының өрт сөндіру пойызы аумағы 1600 м2 болатын астық қоймасындағы ірі өрт орнына жөнелтілді. Өрт сөндіру үшін пойыз 200 тонна су жеткізді. ТЖД құтқарушылары мен теміржолшылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде өрт 2 наурызда сағат 00:13-те тоқтатылды. Өртті жоюға 24 бірлік техника қатысты.

🔥Пожарный поезд принял участие в тушении масштабного пожара в Семее

🔥1 марта 2025 года в 19:00 пожарный поезд станции Семей был отправлен к месту крупного возгорания на зерновом складе, площадь которого составила 1600 м². Для ликвидации пожара поезд доставил 200 тонн воды. В результате совместных усилий спасателей ДЧС и железнодорожников огонь был локализован 2 марта в 00:13. В ликвидации пожара участвовало 24 единицы техники.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/03/02 19:41:59
Back to Top
HTML Embed Code: