group-telegram.com/GenPr/6168
Last Update:
Прокуратурада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы
мен Алғыс айту күніне орай қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтті
Бас прокуратурада прокуратура органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері арасында ұлттық ойындар бойынша республикалық чемпионат өтті.
Бас Прокурор Б. Асылов чемпионатқа қатысушыларды жеке өзі қарсы алып, жарыстарда сәттілік тіледі.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай Бас прокуратурамен ұйымдастырылды.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімін Бас Прокурордың орынбасары Ғ. Қойгелдиев жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығының маңыздылығын атап өтіп, оның қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше айтты, сондай-ақ қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, жарыста сәттіліктіледі.
Чемпионаттың негізгі мақсаттары – ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу.
Жарыс аясында қатысушылар мергендік, логика және ептілік бойынша «Асық ату» (ерлер), «Бес асық» (әйелдер), «Тоғыз құмалақ» және «Ләңгі тебуден» бақ сынасты.
Жалпы командалық есепте 1-орынды Ұлытау облысының прокуратурасы, 2-орынды Қарағанды облысының прокуратурасы, ал 3-орынды Алматы облысының прокуратурасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар кубоктармен және медальдармен марапатталды, ал ерекше көзге түскен қатысушыларға Бас Прокурордың атынан құрмет грамоталары табысталды. Марапаттау рәсімі чемпионаттың жабылу салтанатында өтті.
Чемпионат жоғары спорттық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті және ұжымдарды біріктіруге бағытталған жарқын іс-шара болды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП