Telegram Group & Telegram Channel
Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

🇰🇿🇵🇰 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің 23-ші отырысына қатысты.

🔹 ШЫҰ ҮБК отырысында биыл шілдеде Астанада өткен саммит аясында мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға назар аударылды. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жаңа жағдайларда, оның ішінде Беларустің Ұйымға толыққанды мүше мемлекет мәртебесін алуын ескере отырып, тереңдету шаралары қаралды.

Өткен жылы Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 6%-ға өсіп, $66,7 млрд-ты құрады. Жалпы алғанда, ШЫҰ мемлекеттерінің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 30%-ды құрайды, бірлестік ішіндегі сауда-саттық жалпы көлемнің төрттен бірінен асты.

🔺 Олжас Бектенов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің көшбасшылары мүше мемлекеттер арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін стратегиялық негіз қалағанын атап өтті. Осыған байланысты, жаһандық экономика дамуының баяулауы жағдайында саудадағы тұрақты серпінді қамтамасыз ету мақсатында өсімнің жаңа мүмкіндіктері қажет.

➤ Қазақстандық тарап цифрландыру мен онлайн-сауданы дамыту, әріптестік порт-логистикалық желіні құру шеңберінде қолданыстағы теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, энергетика және инвестиция салаларындағы өзара тиімді кооперация қажеттігін атап өтті. Климаттың өзгеруі, қалдықтарды тиімді басқару саласындағы шаралар кешенін іске асыруға, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау мекемелері арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Аталған салалардағы тығыз ынтымақтастық Шанхай ондығы елдерінің орнықты дамуы мен өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

• Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары: Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян, Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрі Мухаммед Атабак, Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкар, сондай-ақ ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі бас хатшысының орынбасары Чжан Линь, ТМД бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематов, бақылаушы мемлекет үкіметінің басшысы – Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ және арнайы қонақ – Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша 8 құжатқа қол қойылды, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы «Жаңа экономикалық диалогты» дамыту тұжырымдамасы туралы шешім қабылданды.

📱 https://www.group-telegram.com/fr/KZgovernment.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/13690
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/13690

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Russian President Vladimir Putin launched Russia's invasion of Ukraine in the early-morning hours of February 24, targeting several key cities with military strikes. But Kliuchnikov, the Ukranian now in France, said he will use Signal or WhatsApp for sensitive conversations, but questions around privacy on Telegram do not give him pause when it comes to sharing information about the war. "The inflation fire was already hot and now with war-driven inflation added to the mix, it will grow even hotter, setting off a scramble by the world’s central banks to pull back their stimulus earlier than expected," Chris Rupkey, chief economist at FWDBONDS, wrote in an email. "A spike in inflation rates has preceded economic recessions historically and this time prices have soared to levels that once again pose a threat to growth." Unlike Silicon Valley giants such as Facebook and Twitter, which run very public anti-disinformation programs, Brooking said: "Telegram is famously lax or absent in its content moderation policy." Recently, Durav wrote on his Telegram channel that users' right to privacy, in light of the war in Ukraine, is "sacred, now more than ever."
from fr

Telegram UKIMET
FROM American