Telegram Group & Telegram Channel
UKIMET
Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 📌 Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің…
Алматының экологиялық бағдарламасы

📌 Алматы әкімі Ерболат Досаев Премьер-министрге «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ауаның ластануын азайту, орман қорын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қалдықтарды басқару, ESG-қағидаттарын енгізу және «жасыл» облигациялар шығару бойынша жұмыстар басым бағыттар ретінде айқындалған.

Мамандардың есептеуі бойынша, Алматы агломерациясында ауаға шығарылатын зиянды заттардың жалпы көлемі 225,2 мың тоннаға жетеді, оның шамамен 84%-ы мегаполистің өзіне тиесілі. Қалада зиянды қалдықтардың ең көп үлесін, яғни, 60%-ын автокөліктер, ал 27%-ын өнеркәсіп кәсіпорындары шығарады. Әкім Алматыда Атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері әзірленгенін, ол 2025 жылдың бірінші тоқсанында Мәслихаттың қарауына ұсынылатынын атап өтті. Олар жылжымалы және стационарлық көздерді қатаң реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ЖЭО жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде, ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі 93%-ға, яғни 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. 2026 жылы жылу көзі көмірден газға ауысады деп күтілуде. Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда, бүгінгі таңда үйлердің 99,4%-на тиісті инфрақұрылым тартылды.

✔️ Алматы қаласының ауасына автокөліктің теріс әсерін азайту мақсатында 2024 жылдан бастап дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салынды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды, автобус паркін жаңғырту 2025 жылы одан әрі жалғасады. Бұл ретте, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі электромобилдердің 58%-ы немесе 7 875 бірлікті құрайтын ең көп саны Алматыда тіркелген.

🔷 Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының «Алматы – бақ-қала» мәртебесін жандандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу жөніндегі жол картасына сәйкес, 2023-2024 жылдар кезеңінде мегаполисте 643 мың ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар Жасыл желектерді қорғау мен күтіп-ұстаудың жаңа ережелеріне сәйкес, суару жүйесін міндетті түрде жүргізу нормасы енгізілді. Осының нәтижесінде 2 жыл ішінде 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды.

Сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 2024 жылы жалпы қуаты тәулігіне 54,3 мың м3 болатын жаңа су көздері пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2025 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау инфрақұрылымын жаңғырту барысы туралы да баяндалды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co. Ltd компаниясымен бірлесіп қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/14875
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14875

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

"The argument from Telegram is, 'You should trust us because we tell you that we're trustworthy,'" Maréchal said. "It's really in the eye of the beholder whether that's something you want to buy into." Pavel Durov, Telegram's CEO, is known as "the Russian Mark Zuckerberg," for co-founding VKontakte, which is Russian for "in touch," a Facebook imitator that became the country's most popular social networking site. "Russians are really disconnected from the reality of what happening to their country," Andrey said. "So Telegram has become essential for understanding what's going on to the Russian-speaking world." "He has kind of an old-school cyber-libertarian world view where technology is there to set you free," Maréchal said. What distinguishes the app from competitors is its use of what's known as channels: Public or private feeds of photos and videos that can be set up by one person or an organization. The channels have become popular with on-the-ground journalists, aid workers and Ukrainian President Volodymyr Zelenskyy, who broadcasts on a Telegram channel. The channels can be followed by an unlimited number of people. Unlike Facebook, Twitter and other popular social networks, there is no advertising on Telegram and the flow of information is not driven by an algorithm.
from fr

Telegram UKIMET
FROM American