Telegram Group & Telegram Channel
⚡️ Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және заңның үстемдігі қағидаттарын нығайту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру – елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі элементі болып табылады.

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тұлғаның даму кезеңдерінің барлық деңгейлерінде енгізіледі.

2024 жылы елімізде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде 7,5 мыңнан астам түрлі кездесулер, дәрістер, семинарлар, конференциялар мен форумдар өткізілді, олар 900 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, жастарды, комплаенс-офицерлерді, еріктілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қамтыды.

Маңызды бастамалардың қатарына азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жемқорлыққа қарсы ойлауды ынталандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі 16 іс-шара кірді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың ажырамас құрамдас бөлігі жемқорлыққа қарсы білім беру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын қоса алғанда, халықаралық шарттарды орындаудың маңызды факторы болып табылады, бұл елдің әлемдік құқықтық кеңістікке интеграциялануына ықпал етеді. БҰҰ ЕжҚБ-мен бірлескен «GRACE» жобасы аясында оқу кезеңінде 290 мыңнан астам колледждер мен ЖОО студенттері жемқорлыққа қарсы оқудан өтті.

Өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы білімі жастар арасында танымал сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы белсенділік нысандары түріндегі тәрбиелік элементтермен сүйемелденеді. Осылайша, барлық өңірлерде «Antiparacraft» квест-ойындары, зияткерлік ойындар (пікірталас, квиз, брейн-ринг форматында), сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы шығармашылық конкурстар (әлеуметтік жарнама, суреттер және т.б.) өткізілді.

Жемқорлыққа қарсы білім «Documentolog» мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы жүйесінде де көрініс тапты. Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн оқыту курсы енгізілді және табысты жұмыс істейді, 2024 жылы 54 мыңнан астам мемлекеттік қызметші оқытудан өтіп, сертификаттар алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды дамыту экономикалық сипаттағы қылмыстар мен қызметтік жағдайды теріс пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар жасау қаупін азайтады. Азаматтар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайындығы жемқорлыққа қарсы қоғамдық бастамаларды іске асыруда көрінеді.

Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсететін «Парасаттылық сағаты» және «Халық заңгері» акциялары халықтың ауқымды қатысуларын қамтыды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әлеуметтік теңсіздікті азайтып, мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді нығайтады.

Азаматтарды парақорлыққа жол бермеу туралы хабардар ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін қоғамдық бақылауға ықпал етеді.

Біздің отандастарымыздың өткізілген іс-шараларға белсенді қатысуы азаматтардың жемқорлыққа қарсы бастамаларға тартылуының жоғары деңгейін көрсетеді, сондай-ақ қоғамда елдегі сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және ілгерілетуін білдіреді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/antikornews/7127
Create:
Last Update:

BY ANTIKOR 🇰🇿

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/antikornews/7127

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Multiple pro-Kremlin media figures circulated the post's false claims, including prominent Russian journalist Vladimir Soloviev and the state-controlled Russian outlet RT, according to the DFR Lab's report. The picture was mixed overseas. Hong Kong’s Hang Seng Index fell 1.6%, under pressure from U.S. regulatory scrutiny on New York-listed Chinese companies. Stocks were more buoyant in Europe, where Frankfurt’s DAX surged 1.4%. Also in the latest update is the ability for users to create a unique @username from the Settings page, providing others with an easy way to contact them via Search or their t.me/username link without sharing their phone number. At its heart, Telegram is little more than a messaging app like WhatsApp or Signal. But it also offers open channels that enable a single user, or a group of users, to communicate with large numbers in a method similar to a Twitter account. This has proven to be both a blessing and a curse for Telegram and its users, since these channels can be used for both good and ill. Right now, as Wired reports, the app is a key way for Ukrainians to receive updates from the government during the invasion. Telegram has gained a reputation as the “secure” communications app in the post-Soviet states, but whenever you make choices about your digital security, it’s important to start by asking yourself, “What exactly am I securing? And who am I securing it from?” These questions should inform your decisions about whether you are using the right tool or platform for your digital security needs. Telegram is certainly not the most secure messaging app on the market right now. Its security model requires users to place a great deal of trust in Telegram’s ability to protect user data. For some users, this may be good enough for now. For others, it may be wiser to move to a different platform for certain kinds of high-risk communications.
from fr

Telegram ANTIKOR 🇰🇿
FROM American