group-telegram.com/aqorda_resmi/21526
Last Update:
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Ержан Сәденов:
✔️еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді:
– жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған;
– қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеген;
– қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарған;
✔️елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады:
– жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген;
– көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар;
– іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталған, олардың 158-і шетелде тұтқындалған;
✔️ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
www.group-telegram.com/fr/aqorda_resmi.com
BY Aqorda 🇰🇿
![](https://photo.group-telegram.com/u/cdn4.cdn-telegram.org/file/HTb6_sCcFS4laDsc0iZiSTuiK_jJ-k_rvUYBybYIBuED0YUBomVC4VtxTE9_gvQQmlcCyj0b5d1YnPHtxvxzVQyEGCe0F3HrJHElgqqXBoIaDa74Qqv1cfiS3PBbC-fDg4bFbsPkPh9075ye2MLlzpelie8I8oyYhbBnfrJqHc6JGja8KWJGjkXSNZluOMhBukL5tDm1KOSZQd7stoRC2CABq778JZjSAIDxp9U7_wTyU8DpEdTyYSrnPDh28n9Qs9fQOIQN3s3bBA0snqzmAcSCJ2VzKtzvSjLrMd4tnirnMeV1UP4QcRnGPkxRWZOyzb0CVwJaS4KHVXFWeC4rQQ.jpg)
Share with your friend now:
group-telegram.com/aqorda_resmi/21526