Notice: file_put_contents(): Write of 14443 bytes failed with errno=28 No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
АСТАНА СОТТАРЫ | Telegram Webview: astanasottary/2741 -
Telegram Group & Telegram Channel
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
2024 жылғы 08 желтоқсанда Астана қаласында мәслихат депутаттығына сайлау жарияланды.

Округтік сайлау комиссиясының (ОСК) 2024 жылғы 11 қарашадағы хаттамалық шешімімен К. маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелді және сол күні ОСК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне талапкер мен оның зайыбы Т.-ның мәлімдеген активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру туралы тапсырма жолданды.

2024 жылғы 20 қарашада Департамент жауап жолдады, оған сәйкес кандидаттың зайыбы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздардың бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген.

ОСК-ның 2024 жылғы 22 қарашадағы шешімімен К.-ны мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күші жойылды.

К., аталған шешіммен келіспей, Астана қаласының әкімшілік сотына оны даулау туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қою оның зайыбының декларацияны толтыру арқылы анықталған бұзушылық декларацияны кері қайтарып алу және жаңа декларация беру арқылы жойылғандығымен уәжделген.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген
тәртіппен және нысанда ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, кандидаттың зайыбы Т. мәлімдеген активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығында сәйкессіздік анықталды.

Конституциялық заңның 104-бабы 6-1-тармағы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Декларацияда бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсетпеу кандидаттың зайыбының активтері мен міндеттемелері туралы жалған ақпарат бергенін растайды.

Сотта мүдделі тұлға ретінде тартылған кандидаттың зайыбы Т., сондай-ақ талап қоюшының өзі Т.-да екінші деңгейдегі банктердің бірі арқылы сатып алынған бағалы қағаздары бар екенін растады.

Сот талап қоюшыны Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күшін жою туралы ОСК-ның қорытындысын заңды
деп тапты.

Шешім заңды күшіне енді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты

https://www.group-telegram.com/fr/astanasottary.com

group-telegram.com/astanasottary/2741
Create:
Last Update:

BY АСТАНА СОТТАРЫ

Share with your friend now:
group-telegram.com/astanasottary/2741

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

On February 27th, Durov posted that Channels were becoming a source of unverified information and that the company lacks the ability to check on their veracity. He urged users to be mistrustful of the things shared on Channels, and initially threatened to block the feature in the countries involved for the length of the war, saying that he didn’t want Telegram to be used to aggravate conflict or incite ethnic hatred. He did, however, walk back this plan when it became clear that they had also become a vital communications tool for Ukrainian officials and citizens to help coordinate their resistance and evacuations. Such instructions could actually endanger people — citizens receive air strike warnings via smartphone alerts. The perpetrators use various names to carry out the investment scams. They may also impersonate or clone licensed capital market intermediaries by using the names, logos, credentials, websites and other details of the legitimate entities to promote the illegal schemes. The fake Zelenskiy account reached 20,000 followers on Telegram before it was shut down, a remedial action that experts say is all too rare. And indeed, volatility has been a hallmark of the market environment so far in 2022, with the S&P 500 still down more than 10% for the year-to-date after first sliding into a correction last month. The CBOE Volatility Index, or VIX, has held at a lofty level of more than 30.
from fr

Telegram АСТАНА СОТТАРЫ
FROM American