Notice: file_put_contents(): Write of 7774 bytes failed with errno=28 No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 50

Warning: file_put_contents(): Only 8192 of 15966 bytes written, possibly out of free disk space in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
UKIMET | Telegram Webview: KZgovernment/14696 -
Telegram Group & Telegram Channel
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді: отандық тауар өндірушілермен жасалған офтейк-келісімшарттар саны бір жылда 12 есеге өсті

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Негізгі міндет – қор компаниялары тобының мысалында Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов биылғы 11 айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша баяндама жасады.

🔵 Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 53,5 трлн теңгені құрайтын 130-ға жуық жобаны қамтиды.

✔️ Үкіметтің ерекше бақылауында тұрған 44 инвестициялық ірі жобаның іске асырылу барысы қаралды. Аталған жобаларға мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика және тау-кен секторларындағы салынған қаржының жалпы көлемі 28,8 трлн теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 23 жоба бойынша ЕРС-келісімшарттар жасалды, бұл ретте 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалғандары іске асырудың түрлі кезеңдерінде.

Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша жоспарланған 302 шақырымдық газ құбырының 95,5 шақырымы тартылғанын, жұмыстар мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады. «Достық – Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту аясында жоспарланған 836 шақырым жолдың 786 шақырымы салынды, бұл да осы кезеңдегі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. СИБУР және Sinopec «Полиэтилен өндірісі» компанияларымен бірлескен жобаны жүзеге асыру шеңберінде инженерлік дайындық жүргізіліп жатыр.

✔️ Президенттің бірлескен инвестициялау құралдарын кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмасын орындауда әлеуметтік маңызға ие жобаларды іске асыру үшін жекеменшік компаниялар қаражатын тарту жұмыстары жалғасуда. Осылайша, Қызылорда облысында электр стансасын салу шеңберінде 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мен қатарлық инвестор PIH арасында қуаты 1 ГВт жел электр стансаларын іске қосу жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы – Masdar (БАӘ) компаниясымен бірлескен жоба бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды.

➡️ Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға газбен жабдықтау тарифін түзету мәселелерінде қолдау көрсету үшін «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының іске қосылуына назар аударылды. Бұл бастама атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтарды қамтиды. Олар үшін тауарлық газға жеңілдік мөлшері есептелген соманың 27%-на жетуі мүмкін.

📈 Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Осы жылдың 11 айында офтейк-келісімшарттар сомасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есеге өсіп, 182,3 млрд теңгеге жетті. ОТӨ-мен жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға шарт жасалды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83%-ды құрады. Биылғы қараша айында жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тарапынан заңсыз құжаттарды тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында ҚР ҚМ МКК электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау қамтамасыз етілді. Премьер-министрдің елішілік құндылық үлесін 82%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жоспарлы көрсеткішке 2024 жылдың соңына қарай қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.

🔷 Премьер-министрге мұнай-газ-химиясы, электр энергетикасы, көлік-логистика, тау-кен, телекоммуникация секторларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 2025-2029 жылдары Қордың меншікті қаражатының 3,6 трлн теңгесін қосқанда, шамамен 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланғаны баяндалды.

🔵 Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды, оның ішінде алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қор басшылығы мен қызметкерлерінің пайдалы әсер коэфиценті тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс тиімділігінің көрсеткішін қамтиды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/14696
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14696

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

If you initiate a Secret Chat, however, then these communications are end-to-end encrypted and are tied to the device you are using. That means it’s less convenient to access them across multiple platforms, but you are at far less risk of snooping. Back in the day, Secret Chats received some praise from the EFF, but the fact that its standard system isn’t as secure earned it some criticism. If you’re looking for something that is considered more reliable by privacy advocates, then Signal is the EFF’s preferred platform, although that too is not without some caveats. On Telegram’s website, it says that Pavel Durov “supports Telegram financially and ideologically while Nikolai (Duvov)’s input is technological.” Currently, the Telegram team is based in Dubai, having moved around from Berlin, London and Singapore after departing Russia. Meanwhile, the company which owns Telegram is registered in the British Virgin Islands. Overall, extreme levels of fear in the market seems to have morphed into something more resembling concern. For example, the Cboe Volatility Index fell from its 2022 peak of 36, which it hit Monday, to around 30 on Friday, a sign of easing tensions. Meanwhile, while the price of WTI crude oil slipped from Sunday’s multiyear high $130 of barrel to $109 a pop. Markets have been expecting heavy restrictions on Russian oil, some of which the U.S. has already imposed, and that would reduce the global supply and bring about even more burdensome inflation. "This time we received the coordinates of enemy vehicles marked 'V' in Kyiv region," it added. To that end, when files are actively downloading, a new icon now appears in the Search bar that users can tap to view and manage downloads, pause and resume all downloads or just individual items, and select one to increase its priority or view it in a chat.
from hk

Telegram UKIMET
FROM American