group-telegram.com/aqorda_resmi/21522
Last Update:
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.
Қорғаныс министрі:
➤ бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады;
➤ армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты;
➤ мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
❗️Кездесу соңында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
www.group-telegram.com/in/aqorda_resmi.com
BY Aqorda 🇰🇿
Share with your friend now:
group-telegram.com/aqorda_resmi/21522