group-telegram.com/astanasottary/2741
Last Update:
◾ 2024 жылғы 08 желтоқсанда Астана қаласында мәслихат депутаттығына сайлау жарияланды.
◾ Округтік сайлау комиссиясының (ОСК) 2024 жылғы 11 қарашадағы хаттамалық шешімімен К. маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелді және сол күні ОСК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне талапкер мен оның зайыбы Т.-ның мәлімдеген активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру туралы тапсырма жолданды.
◾ 2024 жылғы 20 қарашада Департамент жауап жолдады, оған сәйкес кандидаттың зайыбы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздардың бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген.
◾ ОСК-ның 2024 жылғы 22 қарашадағы шешімімен К.-ны мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күші жойылды.
◾ К., аталған шешіммен келіспей, Астана қаласының әкімшілік сотына оны даулау туралы талап қоюмен жүгінді.
◾ Талап қою оның зайыбының декларацияны толтыру арқылы анықталған бұзушылық декларацияны кері қайтарып алу және жаңа декларация беру арқылы жойылғандығымен уәжделген.
◾ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген
тәртіппен және нысанда ұсынады.
◾ Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
◾ Мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, кандидаттың зайыбы Т. мәлімдеген активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығында сәйкессіздік анықталды.
◾ Конституциялық заңның 104-бабы 6-1-тармағы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
◾ Декларацияда бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсетпеу кандидаттың зайыбының активтері мен міндеттемелері туралы жалған ақпарат бергенін растайды.
◾ Сотта мүдделі тұлға ретінде тартылған кандидаттың зайыбы Т., сондай-ақ талап қоюшының өзі Т.-да екінші деңгейдегі банктердің бірі арқылы сатып алынған бағалы қағаздары бар екенін растады.
◾ Сот талап қоюшыны Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күшін жою туралы ОСК-ның қорытындысын заңды
деп тапты.
◾ Шешім заңды күшіне енді.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты
https://www.group-telegram.com/in/astanasottary.com
BY АСТАНА СОТТАРЫ
Share with your friend now:
group-telegram.com/astanasottary/2741