Telegram Group Search
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️Мәжілістің жалпы отырысынан бейнеүзінді

15 қаңтар 2025.

www.group-telegram.com/mazhilis_kz.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Astana Open Dialogue тең құрылтайшылары, Қоғамдық палата мүшелері Айбек Күміспеков және Александр Даниловпен кездесті.

Айбек Күміспековпен әңгімелесу барысында өңірлік саясат пен моноқалаларды дамыту мәселелері көтерілді. Ол жергілікті атқарушы органдардың, қала құраушы кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, сондай-ақ ұлттық инвесторлардың қатысуымен өңірлік бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін әлеуметтік диалог құралдары, қоғамдық форумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы қоғамның әртүрлі топтарының өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударды.

Мәжіліс спикері Александр Даниловпен еліміздегі талдау орталықтарының жұмысын күшейту туралы әңгімелесті. Ол ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды арттыру, олардың нәтижелерін мемлекеттік шешімдерді әзірлеуде жүйелі түрде қолдану, заңнамалық қызметке талдау орталықтарының сарапшыларын тарту бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ жастар саясатын дамытудың өзекті мәселелерін және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде сөз қозғады.

Толығырақ parlam.kz сайтында.
__

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов встретился с сoоснователями Astana Open Dialogue, членами Общественной палаты Айбеком Кумысбековым и Александром Даниловым.

В ходе беседы с Айбеком Кумысбековым были затронуты вопросы региональной политики, развития моногородов и ряд других общественно значимых тем. Он высказал идеи по разработке региональных программ с участием местных исполнительных органов, градообразующих предприятий, местного бизнеса и национальных инвесторов. Также отметил важную роль взаимодействия различных слоёв общества через инструменты социального диалога, организацию общественных форумов и круглых столов для укрепления социальной стабильности.

Ключевой темой беседы с Александром Даниловым стало усиление работы в стране аналитических центров. Он предложил принять меры по расширению финансирования исследований, системному применению их результатов при выработке государственных решений, вовлечению экспертов от аналитических центров в законотворческую деятельность. А также поднял актуальные вопросы развития молодёжной политики и реализации мероприятий в рамках Года рабочих профессий.

Подробности на сайте parlam.kz.

www.group-telegram.com/mazhilis_kz.com
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда Мәжіліс тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды. Бұл заң жобасы ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатымен дайындалған. Заң жобасы отандық өндірісті дамыту, импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті азайту және жаңа өндірістерді локализациялау үшін ұсынылып отыр.

Екінші оқылымда депутаттар резервтегі қызмет мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды. Заң жобасымен жаңа әскери қызмет түрі – резервтегі қызмет енгізіледі. Бұл келісімшарт негізінде тұрғылықты жері бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады және әскери дайындықты арттыру үшін резервтік күштерді құруды мақсат етеді.

Сонымен қатар депутаттар Түркия Республикасымен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарайды.

Толығырақ parlam.kz сайтында.
__

Бюро Мажилиса под председательством Спикера Палаты Ерлана Кошанова сформировало проект повестки предстоящего пленарного заседания.

На обсуждение в первом чтении вносятся законодательные поправки по вопросам определения страны происхождения товаров. Законопроект разработан депутатами в реализацию поручений, данных Главой государства в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2023 года, по созданию цикла производства с высокой долей локализации, позволяющего снизить зависимость от импортных поставок, трансферту современных технологий и локализации новых производств.

Во втором чтении мажилисмены обсудят законодательные поправки по вопросам службы в резерве. Законопроектом вводится новый вид воинской службы – служба в резерве, которая является добровольным видом службы по контракту по принципу территориальности (по месту жительства). Поправки направлены на создание резервных сил, готовых к боевым действиям.

Депутатам предстоит также рассмотреть законопроект о ратификации Соглашения с Турецкой Республикой о сотрудничестве в области карантина и защиты растений.

Подробнее на сайте parlam.kz.

www.group-telegram.com/mazhilis_kz.com
Парламент кітапханасында белгілі журналист, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері Жігіткер Тумырзаұлы Байтілесов туралы естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, бұрынғы депутаттар, Аппарат қызметкерлері, отбасы мүшелері мен бірге жұмыс істеген әріптестері қатысты.

Жігіткер Байтілесов 1958 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Парламент Мәжілісінде ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Естелік жинаққа мемлекет және қоғам қайраткерлері, замандастары, әріптестері мен туыстарының естеліктері топтастырылған. Сондай-ақ оның сұхбаттары мен өзі туралы мақалалар да енген. Тұсаукесерге жиналғандар журналист туралы өздері куә болған оқиғаларын айтып, өнегелі өмірінен үзінділер келтірді.

Кітап шығару ісі 2022 жылы қолға алынған. Жинақта Жігіткер Байтілесовтың өмір жолындағы игі істері, бойындағы асыл қасиеттері, қабілет-қарымы мен тәжірибесі туралы әңгімелер жарияланған. Айта кетейік, естелік кітап Парламент Мәжілісінің қолдауымен жарық көрді.

Толығырақ parlam.kz сайтында.
__

В библиотеке Парламента состоялась презентация книги памяти известного журналиста, ветерана государственной службы, деятеля культуры Республики Казахстан Жигера Тумырзаевича Байтелесова. В мероприятии приняли участие действующие и бывшие депутаты Мажилиса, сотрудники Аппарата Палаты, члены семьи и бывшие коллеги.

Жигер Байтелесов родился в 1958 году в Жамбылском районе Алматинской области. Он окончил Казахский государственный университет имени С. Кирова. Долгие годы плодотворно трудился в Мажилисе Парламента.

В памятном сборнике собраны воспоминания о Жигере Тумырзаевиче, которыми поделились государственные и общественные деятели, его современники, коллеги и родственники. Книга содержит также изданные ранее статьи и интервью с ним.

Собравшиеся на презентации рассказали о случаях из жизни журналиста, личными участниками которых они стали.

Работа по подготовке книги началась в 2022 году. В сборнике собраны воспоминания о добрых делах Жигера Байтелесова, его личных качествах и профессиональном опыте.

Подробности на сайте parlam.kz.

www.group-telegram.com/mazhilis_kz.com
22 қаңтар сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.

Депутаттар бірінші оқылымда тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды.

Сонымен қатар күн тәртібінде Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жобасы бар.

Бұдан бөлек, Мәжіліс комитеттері экологиялық мәселелер бойынша түзетулерді, кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы және оған ілеспе заң жобасын, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғыз Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы үш ратификациялық құжатты жұмысқа қабылдайды.

📢📢Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.
__

22 января в 10:00 пройдёт очередное пленарное заседание Мажилиса.

Депутаты рассмотрят в первом чтении проект закона с изменениями и дополнениями по вопросам определения страны происхождения товаров, во втором чтении – по вопросам службы в резерве.

Также на рассмотрение выносится проект ратификации Соглашения между правительствами Казахстана и Турции о сотрудничестве в области карантина и защиты растений.

Кроме того, профильные комитеты ожидают поступления в работу законодательных поправок по экологическим вопросам, законопроекта «О тестировании на профессиональную добропорядочность» с сопутствующими поправками, а также трёх проектов ратификации международных документов с Соединёнными Штатами Америки, Кыргызской Республикой и Секретариатом Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии.

📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов «24KZ» и «Jibek Joly». Следите за обновлениями в наших социальных сетях.

www.group-telegram.com/mazhilis_kz.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/01/21 10:31:05
Back to Top
HTML Embed Code: