Telegram Group & Telegram Channel
"Ақ жол": Мемлекеттің триллиондары қоғам мен бюджеттен құпия жұмсалмауы керек

ҚР Премьер-Министрі
О.Бектеновке

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы

Автор – Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев

Жақында ресми ақпарат көздерінен, Үкімет, инвестиция көлемі 15 триллион теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізімін бекіткені белгілі болды.
Бағыттардың ішінде, болат, мұнай өңдеу, тыңайтқыштар, химия өндірісі, автоөнеркәсіп, туризм, қосылған құны жоғары тамақ өнеркәсібі өнімдерінің экспорты атап өтілген болатын.
Бұл жобаларды іске асыру, 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашады, экспортты 6 триллионға арттырады және импортты алмастыруды 1,5 трлн. теңгеден астам сомаға қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұл шаралар, жоғары технологиялық өндірістерді құруға, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпал етуі тиіс.
Өнімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған кез келген шараларды «Ақ жол» демпартиясы әрқашан және жан-жақты қолдайтындығы баршаға мәлім.
Алайда, бүгінгі күнге дейін, қандай ірі жобалар туралы айтылып жатқаны және оларды қандай көздерден қаржыландыру жоспарланғаны белгісіз. Ресми дереккөзде, жобалардың нақты атаулары берілмейді, тек жекелеген жағдайларда құрылатын қуаттардың күші ғана көрсетілген.
Жақында бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджетте мұндай инвестициялар туралы ақпарат жоқ.
15 триллиондық сома бүкіл республикалық бюджеттің шығындарымен салыстырмалы екендігін ескеретін болсақ, олар туралы толық ақпараттың тапшылығы белгілі бір сұрақтар туғызады.
Мысалға, бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялардың болжамды сомалары мен компаниялардың атаулары бар 17 жобаның тізімі жарияланады. Журналистердің құрметіне, олар бұл тізім болжамды екенін және ресми дереккөзде көрсетілген сипаттамаларға ұқсас жобалардан құрылғанын мойындап отыр.
Бұл тізімде металлургия, автомобиль, химия және тамақ өнеркәсібі, туризм салалары да атап өтілген. Алайда, тізімде көрсетілген жобалардың ішінде 1 триллион теңгелік құны бар аквапарк, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақ үй салу жоспарланып отырған, Кіші Талдыкөлдің маңындағы кешеннің құрылысы сияқты күмәнді жобалар бар. Немесе Маңғыстау облысындағы 317 млрд. теңге сомасына «Жылы жағажай» жобасын атап өтуге болады. Мұндай жобалардың өңдеу өнеркәсібінің дамуына қаншалықты оң әсер ететіні мәселе өте даулы.
Мемлекет Басшысы өзінің «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Жолдауында, банктік-шикізаттық модельден кетіп, экономиканың берік өнеркәсіптік негізін құру арқылы экономикалық парадигманы өзгерту қажеттілігі туралы айтқан болатын.
1 триллионға сауда орталығын құру, немесе 300 миллиардқа пляжды салу - әрине, өнеркәсіптік негізге жатады деп айту қиын.
Бюджеттік дефицит жағдайында, барлық осыған ұқсас жобаларды мемлекеттік бюджетте шоғырландыруды, «Күшті президент - ықпалды парламент - есеп беретін үкімет» қағидатына сай, бюджеттік рәсімдер мен парламенттік қарастыру арқылы жүзеге асыру қажет деп санаймыз.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, жобалар мен оларды жүзеге асыратын компаниялардың тізбесін растауды немесе теріске шығаруды;
2) рас болса, неліктен осыншама (15 триллион) мемлекеттік қаржыны талап ететін жобалар бюджетте көрсетілмей кеткеніне түсініктеме беруіңізді;
3) осы жобаларды кім және қандай критерийлер бойынша іріктеу жүргізілгенін хабарлауды;
4) жобалар республикалық бюджетте көзделмегенін ескере отырып, олар қандай қаражаттан қаржыландырылатынын көрсетуді;
5) жобаларды жүзеге асыру барысында, теріс, атап айтқанда сметаларды негізсіз қымбаттау, материалдардың құнын арттыру арқылы, т.б. пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында, бюджеттік рәсімдерді қолдануды мәселесін қарауды;
6) экономиканың өнеркәсіптік негізін құру талаптарына сай келмейтін жобаларды, аталған тізбеге енгізудің орынсыздығы мәселесін қарауды сұрайды.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясы депутаттары

С. Ерубаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
Е. Бейсенбаев

group-telegram.com/peruash/12348
Create:
Last Update:

BY Азат Перуашев

Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/12348

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

You may recall that, back when Facebook started changing WhatsApp’s terms of service, a number of news outlets reported on, and even recommended, switching to Telegram. Pavel Durov even said that users should delete WhatsApp “unless you are cool with all of your photos and messages becoming public one day.” But Telegram can’t be described as a more-secure version of WhatsApp. On December 23rd, 2020, Pavel Durov posted to his channel that the company would need to start generating revenue. In early 2021, he added that any advertising on the platform would not use user data for targeting, and that it would be focused on “large one-to-many channels.” He pledged that ads would be “non-intrusive” and that most users would simply not notice any change. False news often spreads via public groups, or chats, with potentially fatal effects. "This time we received the coordinates of enemy vehicles marked 'V' in Kyiv region," it added. Anastasia Vlasova/Getty Images
from in

Telegram Азат Перуашев
FROM American