Telegram Group & Telegram Channel
ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді
 
Отырыс барысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.

ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Әлішер Шаяхметов хабарлағандай, соңғы жылдары МЖӘ туралы заңнамаға тәуекелдер мен пайданы мемлекет пен инвестор арасында теңгерімді бөлуге, сондай-ақ жеке әріптесті ашық іріктеуді күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Оның айтуынша, жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу шеңберінде Сенатта «МЖӘ туралы» және «Концессиялар туралы» заңдарды біріктіретін түзетулер қаралуда.

«МЖӘ туралы заң жобасы концессияны қоса алғанда, МЖӘ-нің барлық түрлері үшін бірыңғай және түсінікті тәртіпті белгілейді», - деді Ә. Шаяхметов.

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижелері туралы баяндады.  

Ағымдағы жылғы 11 айда кредиттерді субсидиялау арқылы шамамен 840 млрд теңге кредит сомасына 14 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылған. 241 млрд теңгеден астам сомаға 7,2 мың жоба бойынша кепілдік берілді.

Қаржысыз қолдау шеңберінде кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 135 мың консультация берілді.

Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Әйгерім Шорова, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 94 мемлекеттік бақылау саласының 66-сында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл ақпараттық платформалар арқылы адамдықатыстырмай тексерулер тағайындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол өзін-өзі басқару институтын дамыту туралы баяндады. 2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтің 21 саласында 96 өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) жұмыс істейді. Оның 52-сі міндетті, 44-і ерікті негізде жұмыс істейді.

Өзін-өзі реттеуді ынталандыру тетіктерінің бірі– Ерікті мүшеліктегі ӨРҰ жұмысының нәтижелерін тану туралы келісімдер. Олар ұйым мүшелеріне мемлекеттік бақылау кезіндегі тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл шаралар бизнестің жағдайын жақсартуға және тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен мемлекетмүддесінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған.

group-telegram.com/presseconomy/7388
Create:
Last Update:

BY Экономика министрлігі 🇰🇿

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/presseconomy/7388

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Pavel Durov, a billionaire who embraces an all-black wardrobe and is often compared to the character Neo from "the Matrix," funds Telegram through his personal wealth and debt financing. And despite being one of the world's most popular tech companies, Telegram reportedly has only about 30 employees who defer to Durov for most major decisions about the platform. After fleeing Russia, the brothers founded Telegram as a way to communicate outside the Kremlin's orbit. They now run it from Dubai, and Pavel Durov says it has more than 500 million monthly active users. Since January 2022, the SC has received a total of 47 complaints and enquiries on illegal investment schemes promoted through Telegram. These fraudulent schemes offer non-existent investment opportunities, promising very attractive and risk-free returns within a short span of time. They commonly offer unrealistic returns of as high as 1,000% within 24 hours or even within a few hours. He floated the idea of restricting the use of Telegram in Ukraine and Russia, a suggestion that was met with fierce opposition from users. Shortly after, Durov backed off the idea. "He has to start being more proactive and to find a real solution to this situation, not stay in standby without interfering. It's a very irresponsible position from the owner of Telegram," she said.
from in

Telegram Экономика министрлігі 🇰🇿
FROM American