Telegram Group & Telegram Channel
⚡️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ӨТТІ

💬Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті.

Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды.

🗣Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Сахавитдинова Эльвира жан-жақты медициналық тексеруден өтті.

Бауыр трансплантациясы Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен өткізілді. Бұл операция шеңберінде В.Мутагиров, М. Жұмабекова (анестезиологтар), М. Досханов, С. Тілеуов, Ж.Оспан (хирургтар) және облыстық клиникалық аурухананың мамандары белсенді жұмыс атқарды.

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болды және Түркістан облысында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/DenMinPR/19353
Create:
Last Update:

BY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️

Share with your friend now:
group-telegram.com/DenMinPR/19353

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Friday’s performance was part of a larger shift. For the week, the Dow, S&P 500 and Nasdaq fell 2%, 2.9%, and 3.5%, respectively. To that end, when files are actively downloading, a new icon now appears in the Search bar that users can tap to view and manage downloads, pause and resume all downloads or just individual items, and select one to increase its priority or view it in a chat. The regulator said it has been undertaking several campaigns to educate the investors to be vigilant while taking investment decisions based on stock tips. "He has kind of an old-school cyber-libertarian world view where technology is there to set you free," Maréchal said. Either way, Durov says that he withdrew his resignation but that he was ousted from his company anyway. Subsequently, control of the company was reportedly handed to oligarchs Alisher Usmanov and Igor Sechin, both allegedly close associates of Russian leader Vladimir Putin.
from it

Telegram ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
FROM American