Telegram Group & Telegram Channel
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Денсаулық сақтау министрлігі

Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

⚡️ Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр:

Еңбекке жарамсыздық парағы;
075/у «Медициналық анықтама»;
026/у «ДКК қорытындысы»;
073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»;
069/у «Санаторий-курорттық карта»;
052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»
076/у «Қаруға рұқсат алу»;
038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

📲 Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана «еDensaulyq» бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар «eGov mobile» қосымшасы арқылы беріледі.

🔷 Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Егер екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/14936
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14936

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Telegram was founded in 2013 by two Russian brothers, Nikolai and Pavel Durov. The regulator took order for the search and seizure operation from Judge Purushottam B Jadhav, Sebi Special Judge / Additional Sessions Judge. The Dow Jones Industrial Average fell 230 points, or 0.7%. Meanwhile, the S&P 500 and the Nasdaq Composite dropped 1.3% and 2.2%, respectively. All three indexes began the day with gains before selling off. "And that set off kind of a battle royale for control of the platform that Durov eventually lost," said Nathalie Maréchal of the Washington advocacy group Ranking Digital Rights.
from it

Telegram UKIMET
FROM American