Telegram Group & Telegram Channel
Astana news
Photo
Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты

Елордада жұмыс іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері таптырмас мүмкіндік. Астаналық Кәмшат Серік «Бухгалтерия негіздері» бойынша білімін жетілдіріп, салық төлеу, жылдық есептерді қалай тапсыру керегін үйренген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол жоба туралы әлеуметтік желідегі чаттардың бірінен естіген.

«Бұл жоба туралы WhatsApp-тағы чаттардың бірінен оқыдым. Онда кез келген мамандықты аз уақытта тегін оқытатыны туралы жазылған. Содан «Неге оқып көрмеске?» деген ой болды. Келесі күні қаладағы пунктердің біріне барып, мамандардан ақпарат алып, «Бухгалтерия негіздері» бойынша курсқа тіркелдім. Оқытушылар салық төлеу, жылдық есептерді дұрыс тапсыру секілді бағыттарды қарапайым тілде түсіндірді. Арасында барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Бастысы теория мен практиканы ұштастырдық», - деді ол.

Кейіпкеріміз курсты тәмамдаған соң өзге қатысушылар секілді сертификат алған.

«Бүгінгі таңда мен туристік агенттікте қызмет етемін. Отбасылық кәсіп болғандықтан, кейбір шаруаларды қатар алып жүруге тура келеді. Мысалы, кейде есепші, әкімші қызметтерін қатар алып жүремін. Бұл жобаға қатысудағы мақсатым – өз салам бойынша қосымша білім алу», - деді Кәмшат.

Ол алдағы уақытта трендтегі мамандықтар бойынша қосымша курстардан өтуді жоспарлап отыр.

«Бұл – көпке пайдасы мол жоба, бастысы тегін. Сондықтан осы жоба арқылы аз уақытта кез келген мамандықты игеріп алуға болады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетейік, 18 бен 50 жас аралығындағы астаналықтар JolTap жобасына тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқуына болады.

group-telegram.com/astana_newss/13708
Create:
Last Update:

BY Astana news

Share with your friend now:
group-telegram.com/astana_newss/13708

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

So, uh, whenever I hear about Telegram, it’s always in relation to something bad. What gives? Some privacy experts say Telegram is not secure enough Recently, Durav wrote on his Telegram channel that users' right to privacy, in light of the war in Ukraine, is "sacred, now more than ever." Messages are not fully encrypted by default. That means the company could, in theory, access the content of the messages, or be forced to hand over the data at the request of a government. In this regard, Sebi collaborated with the Telecom Regulatory Authority of India (TRAI) to reduce the vulnerability of the securities market to manipulation through misuse of mass communication medium like bulk SMS.
from it

Telegram Astana news
FROM American