Telegram Group Search
Абиба Әбужақынова наурыз айында татамиге оралады

Наурыз айының 7-9 күндері Аустрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран При турнирі өтеді. Линц татамиінде әзірге Абиба Әбужақынова бастаған қазақстандық 9 дзюдошы өнер көрсетеді деп жоспарланған. 

Атап айтқанда, Орынбасар Талғат (60 келі), Ботабай Нұрмұхамед (66 келі), Барыс Қуан (73 келі), Амангелді Мәди (81 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі),6 Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі) және Ақерке Рамазанова (+78 келі) Аустрияда Қазақстан намысын қорғайды.

Линц Гран При жарысы Әбиба үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі екінші турнирі болмақ. Парижден кейін ол Абу Даби Гранд Слэм турниріне қатысып, қола медаль алған болатын.

Аустрияда Grand Prix Upper Austria турнирі 2023 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Бұған дейінгі екі турнирде де қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қайтқан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта дзюдодан ұлттық құрама Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Forwarded from Soqqy Live
Бүгін Астанада жаңа арна аштық

🤝 Соққы және гол! мен Бірінші Бол бірікті

Енді Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Елдос Ахметов және Бексұлтан Кеулімқоспен бірге апта сайын қазақ футболы жайлы сөйлесеміз. Кейінірек қатарымызға Дидар Есемов те қосылады.

Жаңа арнаның атауы – Fonteam. Күшті болады 👍
Forwarded from Бірінші гол
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸🇪🇸Мадрид дербиіндегі ең жылдам гол 2003 жылы соғылды!

Бразилиялық Роналдо сол кездесуде 14-ші секундта гол соғып, Мадрид дербиі тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды.

Бүгінгі матчқа болжамыңыз қандай?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Бірінші гол
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Абдуқодир Хусановтың «Ман Сити» сапындағы алғашқы голы!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Бірінші гол
Бірінші гол авторын дұрыс тауып, 5000 теңге жүлдені жеңіп ал! 🎯

Қатысу шарттары:
1️⃣ Осы жазбаға лайк бас.
2️⃣ Комментарийге бірінші гол авторын жаз.
3️⃣«Бірінші гол» арнасына жазылу!

Дұрыс жауап берген алғашқы қатысушы жеңімпаз атанады! 🏆
QFL неге жабылды? ҚФФ ескі кадрлармен жаңашылдық жасамақшы. Төрешілер әліге дейін ақша алады

https://youtu.be/mVQv7P1Sya8
https://youtu.be/mVQv7P1Sya8
https://youtu.be/mVQv7P1Sya8
🇪🇸🇪🇸 «Реал» – «Атлетико» матчына болжам

🇪🇸 Ла Лигадағы Мадрид дербиі – нағыз тартысты ойындардың бірі. Ермұхамед Мәулен бұл кездесуде «Атлетико» кемінде бір гол соғады деп болжайды.

📺 FONBET-тегі әріптестеріміз бұл маңызды матчты тікелей эфирде көрсетеді. Қызықты ойыннан қапы қалмаңыз: https://fnbt.link/2eaf3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📺 Мадрид дербиі! Тікелей эфирде!

Испания астанасында нағыз футбол спектаклі күтіп тұр! «Реал» мен «Атлетико» арасындағы бәсекелестік әрдайым қызу өтеді. Бұл жолы кім мықты?

❤️FONBET-тегі тікелей эфирді өткізіп алмаңыз: https://fnbt.link/2eaf3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Fonteam
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Fonteam
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Fonteam
Футбол жанкүйерлеріне сүйінші! 🔥

⬜️ Жаңа Fonteam арнасы ашылды! Бұл жерде футболдың ең қызықты жаңалықтары, талдаулар, мемдер мен эксклюзив контент сізді күтеді.

Соңғы жаңалықтар
Қызықты фактілер
Әзіл мен эмоция

Бірінші көріп, шынайы футбол атмосферасын сезінгіңіз келсе – жазылыңыз! 📲🔔

➡️Достарыңызбен бөлісіп, қолдау көрсетіңіз! ⬅️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алтай қазағы Баян Жалынқызы Азиада алтынын жеңіп алды

Қытай құрамасының атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Баян Жалынқызы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (5 км, еркін стиль) бірінші орын алды.

Баян Жалынқызы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай округінің Жеменей ауданында дүниеге келген. Бұл өңір қыстық спорт түрлерімен және этникалық қазақтардың көп шоғырлануымен танымал.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Самғар Серік Азиа ойындарында шаңғы спортының спринт бағдарламасында қола жүлдегер атанды. Ол мәре сызығын төртінші болып кескенімен, екінші келген жапон шаңғышысы жарыстан шеттетілді.
Қазақ боксшылары Сербияда өткен турнирде 8 алтын медаль жеңіп алды

Сербия астанасында бокстан халықаралық «Belgrade winner» турнирі мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.

I орын

Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
Жансері Көшербаев (60 келі)
Нұрбек Мұрсал (71 келі)
Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
Дәурен Мамыр (86 келі)
Нұрасыл Асылхан (+92 келі)
II орын

Бексұлтан Боранбек (54 келі)
Илья Калинин (67 келі)
Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
Ильяр Аширов (80 келі)
III орын

Бекзат Мақжан (63.5 келі)
71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.
Қазақстан хоккейшілері Азия ойындарында камбэк жасап, топта бірінші орын алды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында ерекше камбэк жасады. Олег Болякин шәкірттері топтық кезеңінің соңғы матчында Оңтүстік Корея құрамасын жеңді.

Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнің 12-минутында гол жіберіп алған. Сан басымдығына ие болған қарсыластар Юн Сеок Канның арқасында есепте алға шықты. Екінші кезеңде есепте өзгеріс болмады. Ал үшінші 20-минуттықта Қазақстан камбэк жасады. Алдымен Артем Лихотников, сосын Роман Старченко мергендік танытты. Қорытынды есеп – 2:1 Қазақстанның пайдасына.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан топтық кезеңде 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Яғни 5 ойында 15 ұпай жинады. Сөйтіп А тобында бірінші орын алды. Оңтүстік Корея 11 ұпаймен екінші орында.

Бұған дейін Қазақстан Таиланд (12:0), Қытай (6:1), Қытайлық Тайпэй (17:0) және Жапония (4:1) құрамаларын жеңген еді.
Forwarded from Fonteam
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺 Бүгін кешке Fonteam YouTube-арнасында Қазақстан футболы жайлы біздің алғашқы шығарылым шығады! Жіберіп алмаңыздар!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Бірінші гол
Енді ресми!

🇰🇿 Дастан Сатпаев – «Челсидің» ойыншысы, бірақ тағы бір жыл «Қайратта» ойнайды. 16 жастағы қазақстандық шабуылшы 2026 жылдың жазында Лондондық клубқа ресми түрде қосылады.

Алматылық «Қайрат» пен «Челси» 16 жастағы ойыншының трансфері бойынша келісімге келді. Кәмелет жасына толған соң, Сатпаев Англияға көшіп, «Челси» сапында ойнайды, ал әзірге ол «Қайрат» құрамында өнер көрсетуді жалғастырады, – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Дастан Сатпаевтың жетістіктері:

▪️ QJ League-де 28 матч, 26 гол, 10 ассист
▪️ 2024 жылғы QJ League-дің ең құнды ойыншысы
▪️ 5 матч, 1 жеңіс голы – Бірінші лигада
▪️ 4 матч, 1 гол, 1 ассист – УЕФА Жасөспірімдер лигасында

💎 2024 жылдың мамырында, небәрі 15 жасында, Сатпаев «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы ретінде негізгі құрамда дебют жасады.

🇰🇿 Қазақстандық футболдың болашағы жарқын! 🔥
Forwarded from Fonteam
⚽️💬 Қайрат Боранбаев Сәтпаевтың «Челси» сапына ауысуына байланысты пікір білдірді

🔥 – қазақстандық футбол үшін тарихи сәт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Бірінші гол
Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

https://youtu.be/XvYlukznCyE
https://youtu.be/XvYlukznCyE
https://youtu.be/XvYlukznCyE
Қытай құрамындағы қазақ конькишісі Азия ойындарының жүлдегері атанды

Харбинде өтіп жатқан қысқы Азияда ойындарында Қытай құрамасының атынан шыққан тағы бір қазақ Қанағат Мұхаммедұлы 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізді.

Қанағат 5000 метр қашықтықты 6:31.54 секундта жүгіріп өтті. Осы қашықтықта Қытайдың өзге конькишілері алтын мен күмісті олжалады. Атап айтқанда, Ву Ию 6:27.81 нәтижесімен алтын алса, Лию Ханбин бес шақырымды 6:29.93 уақытымен жүгіріп өтіп, күміс медальді қанағат тұтты.

Қанағат Мұхаммедұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай ауылында 1999 жылы дүниеге келген. Бұл өңір қысқы спорт түрлерімен танымал және қазақтар көп шоғырлан.

Бұған дейін Қытай сапынан Азиядаға қатысқан 2 қазақ спортшысы жүлде алған. Атап айтқанда, шаңғы жарысында Баян Жалынқызы чемпион атанса, Самғар Серікұлы қола медальға ие болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/02/10 20:17:35
Back to Top
HTML Embed Code: