Warning: mkdir(): No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 37

Warning: file_put_contents(aCache/aDaily/post/peruash/--): Failed to open stream: No such file or directory in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
Азат Перуашев | Telegram Webview: peruash/12599 -
Telegram Group & Telegram Channel
Азат Перуашев
Photo
Президенттің тапсырмасы аяқсыз қалды ма?

«Ақ жол» Салық кодекісіне өзгеріс енгізу керек деп санайды
Премьер-министрдің орынбасары
С.Жұманғаринге

Бірнеше жылдан бері отандық бизнес өкілдерінің өтініші бойынша «Ақ жол» фракциясы салық органдарының талабы негізінде мәмілелерді жарамсыз деп тануға тыйым салуды енгізу қажеттігі туралы депутаттық сауалдар жолдап келеді.
Президент Қ.Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «фискалдық органдар кәсіпкерлерді жаппай сот дауларына тартуда. Атап айтқанда, бұл мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптарға қатысты. Соттардың жүктемесі айтарлықтай артты – оларға салықты есептеудің дұрыстығын тексеру функциясы жүктелді. Бұған жол беруге болмайды және жағдайды түзету үшін шаралар қажет» деген еді.
Алайда, Президенттің тікелей тапсырмасына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бұл бағытта ешбір қадам жасалған жоқ.
Оған қоса, жаңа Салық кодексінің жобасына мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселелері бойынша барлық нормалар іс жүзінде еш өзгеріссіз ауыстырылды.
«Ақ жол» фракциясы жұмыс тобына аталған мәселені шешуге арналған өз тұжырымдамасын жолдап, ол үшін кодекс жобасының 10 бабына өзгерістер енгізуді ұсынды.
Бірақ әзірлеуші мәселені елемегендіктен, кодекстің қабылдануын тағы бір жыл күтудің қажеті жоқ деп есептейміз. Біздің ойымызша, бұл мәселе қазір қолданыстағы Салық кодексі аясында шешіліп, ақыры, Президенттің тікелей тапсырмасы орындалуы қажет.
Салық кодексінің 19-бабы бойынша салық органдарының талап қою құқығын алып тастау туралы бұрынғы өтініштерімізді Қаржы министрлігі бірқатар себепке байланысты қолдамады (себебі, осы бапта салық органдарының тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің нақты айналымы болмаған жағдайда ғана емес, сондай-ақ рұқсатсыз жасалған лицензиясыз мәмілелерді, қолданысында шектеуі бар мүлікті заңсыз иеліктен шығару мәмілелерін жарамсыз деп тану жағдайында да талап қою құқығы көзделген және т.б.).
Біз бұл пікірді ескеріп, басқа тұжырымдамалық шешім ұсынып отырмыз.
Мәселен, ҚР СК 96-бабына сәйкес жалған шот-фактураларды анықтау мақсатында камералдық тексеру жүргізу көзделген, оның аясында салық төлеушіге хабарлама жолданып, анықталған бұзушылықты өз еркімен жою немесе «құжаттармен расталған түсініктемелерді» ұсыну құқығы беріледі.
Салық органы түсініктемемен келіспеген жағдайда хабарламаны орындалмаған деп танып, тиісті шешім қабылдайды.
Бұл шешімге жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағымдануға болады.
Қағаз жүзінде бәрі дұрыс: салық төлеуші даулы мәселені талқылауға және шешімге шағымдануға құқылы. Оның үстіне, әкімшілік акт шағымдануға жататындықтан, салық төлеушіге әкімшілік сотқа жүгінуге тура келеді.
2021 жылы әкімшілік актілерге шағым түсіретін әкімшілік соттың құрылуы азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын шенеуніктердің заңсыз әрекетінен қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғанын айта кеткен жөн.
Алайда, іс жүзінде, ҚР СК 96 бабында көзделген тәртіп жұмыс істемейді және салық органдары қолданбайды.
Себебі, Кодексте жалған шот-фактураларды белгілеудің – сотқа талап қою арқылы басқа тәртібі де қарастырылған, мәселен, ҚР СК 403-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасы және 264-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасында, ҚҚС есептілігі және КТС шегерімдерін есепке жатқызудан алып тастау үшін «мәмілені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі» негіз бола алады деп көзделген.
Осылайша, салық органы салық төлеуші шағым жасай алатын камералдық тексеру нәтижесі бойынша хабарлама жіберуді; немесе ұзақ дауларсыз дереу сотқа азаматтық талап қоюды өз бетінше шешеді. Әрине, таңдау екінші нұсқаға түседі, соған байланысты Президент дұрыс атап өткендей, Кодекс «салық органының функцияларын соттарға жүктеп қойған».
«Ақ жол» фракциясы бұған дейінгі сауалдарда «жарамсыз мәмілелер» бойынша экономиканың өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және т.б салаларындағы кәсіпкерлердің сотқа осындай талап-арыздарды беру кезіндегі заңды құқықтарының жаппай бұзылуын егжей-тегжейлі сипаттаған болатын.

group-telegram.com/peruash/12599
Create:
Last Update:

BY Азат Перуашев

Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/12599

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

He adds: "Telegram has become my primary news source." On Telegram’s website, it says that Pavel Durov “supports Telegram financially and ideologically while Nikolai (Duvov)’s input is technological.” Currently, the Telegram team is based in Dubai, having moved around from Berlin, London and Singapore after departing Russia. Meanwhile, the company which owns Telegram is registered in the British Virgin Islands. Ukrainian forces successfully attacked Russian vehicles in the capital city of Kyiv thanks to a public tip made through the encrypted messaging app Telegram, Ukraine's top law-enforcement agency said on Tuesday. NEWS Either way, Durov says that he withdrew his resignation but that he was ousted from his company anyway. Subsequently, control of the company was reportedly handed to oligarchs Alisher Usmanov and Igor Sechin, both allegedly close associates of Russian leader Vladimir Putin.
from it

Telegram Азат Перуашев
FROM American