Telegram Group & Telegram Channel
Абылай — халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, ал Ерлан — робототехника бойынша чемпион. Екеуі де — Қазақстанның мақтанышы. Бірақ 2021 жылдан бастап олардың бірі мемлекет тарапынан қолдау алса, екіншісі мұндай қолдаудан тыс қалды. Дегенмен, бұл жағдай жақын арада өзгереді. Енді Ерлан да, барлық жас ғалымдар олимпиада жеңімпаздарымен бірдей гранттарға ие бола алады.

Шешімі оңай көрінетін мәселелердің артында әрдайым көптеген қиындықтар жасырынып жатады. 2021 жылы мемлекет олимпиада жеңімпаздарына университеттерге гранттар мен ақшалай сыйақылар беру туралы шешім қабылдағанда, бұл өте маңызды қадам болды. Біз бұл шешімге олардың дарыны мен еңбегін бағалау үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, қол жеткіздік.

Бірақ сол кезде де толық қанағат сезімі болмады. Сол жылы халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдауды енгізу туралы норманы келісу процедурасынан өткізе алмадық. Әлемдік робототехника чемпионаттарында және басқа да ғылыми байқауларда жеңіске жеткен балалардың неге осындай қолдау алмайтынын түсіндіру қаншалықты қиын болғаны әлі есімде.

Өткен жыл бұл олқылықты түзетуге арналған тағы бір мүмкіндік болды. Біз халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдауды қарастыратын түзету енгізуді ұсындық, бірақ ол кезде үкімет бұл бастаманы қолдамады.

Әр мәселені қайта қарап, тағы бір рет талқыладық, және, ақырында, біздің түзету ішінара мақұлданып, үкімет оң қорытынды берді. Мажілісте заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында бұл бастама үшін дауыс берілді.

Енді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады. Келесі қадам — бұл балаларға ақшалай сыйақылар беру нормасын енгізу. Біз осы мәселені шешіп, 5 миллион теңгеге дейінгі сыйақыны олардың да алуы үшін жұмыс істейтін боламыз.

2019 жылдан бастап мемлекет дарынды балаларды қолдау үшін көп нәрсе жасады. Ашығын айтқанда, бұл мәселелер Президент Қ.Тоқаевтың жеке ұстанымы мен қолдауының арқасында шешіліп келеді.

Енді меценаттардың да осы дарынды балаларға назар аударуы қажет.

Меценаттар тек спортшыларды ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдар мен таланттарды қолдаса екен деймін, себебі дәл осы балалар Қазақстанның болашағын қалыптастырады.

group-telegram.com/aimagambetov/1137
Create:
Last Update:

BY AIMAGAMBETOV

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1137

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

"Russians are really disconnected from the reality of what happening to their country," Andrey said. "So Telegram has become essential for understanding what's going on to the Russian-speaking world." But because group chats and the channel features are not end-to-end encrypted, Galperin said user privacy is potentially under threat. These entities are reportedly operating nine Telegram channels with more than five million subscribers to whom they were making recommendations on selected listed scrips. Such recommendations induced the investors to deal in the said scrips, thereby creating artificial volume and price rise. Individual messages can be fully encrypted. But the user has to turn on that function. It's not automatic, as it is on Signal and WhatsApp.
from jp

Telegram AIMAGAMBETOV
FROM American