Telegram Group Search
🇰🇿🇯🇴Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏗️«Қазақмыстағы» апат: Президент Үкіметке тапсырма берді

▫️Бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.

▫️Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇴Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі. 2023 жылы екі мемлекет дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Бұл уақыт аралығында Астана мен Амман саяси, экономикалық және мәдени саладағы ынтымақтастықты айтарлықтай дамытты.
 
🐆🎞️ҚР Президенті Телерадиокешенінің «АСТАНА-АММАН: ЖАҢА МАҚСАТТАР» атты жаңа деректі фильмі Мемлекет басшысының Иорданияға жасаған ресми сапарына арналады.
 
🔷Қазақстан мен Иорданияның саяси, сауда-экономикалық және стратегиялық серіктестігі қай бағытта дамиды?
🔷Астана мен Амман арасындағы жаңа мақсаттардан не күтеміз?
🔷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ресми сапарының мәні неде?
 

📰📺Бүгін 18:40-та Jibek Joly арнасынан көріңіздер!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Егер қандай да бір заңбұзушылық болса, ешкім ешкімді қорғай алмайды, жақтай алмайдыАсхат Хасенов

📰«Уәде» бағдарламасының кезекті шығарылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке жемқорлыққа қатысты сұрақ қойылды. Ол компанияда адалдық пен ашықтық басты талап екенін айта кетті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әр адам заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

▶️Толығырақ Jibek Joly Podcast Youtube арнасынан көре аласыз!

#jibekjoly #уәде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен кездесуде сөйлеген сөзінен

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Катаре проходит неделя обучения для журналистов ТРК Президента в медиа-институте Al Jazeera

🐆В рамках обучения наши специалисты изучают этику использования искусственного интеллекта, а также учатся применять самые современные инструменты при производстве контента.

🖋Напомним, в феврале 2024 года в рамках государственного визита Касым-Жомарта Токаева в Катар ТРК Президента и AlJazeera Media Network заключили соглашение о сотрудничестве.

В апреле 2024 года более 100 студентов международной школы журналистики Maqsut Narikbayev University прошли недельное обучение у лекторов и журналистов мирового уровня.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ниет қабыл болсын!


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!


Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💐1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекеде баршаңызға мол денсаулық, толағай табыс тілейміз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💫 Алғыс айту күні: ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымы алғыс білдірді

Ұйым қызметкерлері ата-аналарына, әріптестеріне, достарына, туған-туыстарына, сондай-ақ сүйікті жұмыстарына шабыт пен мүмкіндік сыйлағаны үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝Еңбегіңізге мың алғыс!

💐Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын! Бұл күн сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.  

📰Айтулы мерекеге орай, Jibek Joly арнасының түсірілім тобы жұмысшы мамандарға алғыс айтып, ыстық шәй мен Қазақстан шоколадын таратты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/03/02 02:19:27
Back to Top
HTML Embed Code: