Telegram Group & Telegram Channel
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Судьяның кәсіби қызметін бағалау әдістемесіне түзетулерді бекітті

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

◾️ Отырысқа Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қатысты.

◾️ Отырыс барысында Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының регламентіне түзетулер, сондай-ақ Судьяның кәсіби қызметін бағалау әдістемесінің жобасы қаралды.

◾️ Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде А.Мерғалиев заңнамадағы түзетулер Регламентке өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу аясындағы олардың әрекеттерін тексеру үшін соттардың жәнеалқалардың төрағаларына қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы сөз болды.

◾️ Сондай-ақ, Сот жюриіне сот істерін қарау кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін облыстық соттардың, алқалар төрағаларын, Жоғарғы Соттың судьяларын немесе алқалар төрағаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы ұсыным беру мүмкіндігі қаралды.

◾️ Бұдан басқа, Регламентке түзетулердің қажеттігі кассациялық соттардың құрылуына, Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамының өзгеруіне де байланысты туындады.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның төрағасы Арыстанбек Стыбаев Судьяның кәсіби қызметін бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістер сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты емес бірқатар өлшемшарттарды алып тастайтынын (моральдық және іскерлік қасиеттер, соттан тыс жұмыс жүктеме), өйткені олар басқа сот органдарының, яғни Сот жюриі, Әдеп жөніндегі комиссия, жалпы отырыс функцияларын қайталайтынын атап өтті. Бұл Комиссияға негізгі көрсеткіш – сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

◾️ Жаңартылған Әдістемеге сәйкес, Судьяның кәсіби қызметін бағалау келесі өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

• кәсіби білімі және оны істерді қарауда қолдана білуі;

• сот қызметінің нәтижелері.

◾️ Барлық сандық көрсеткіштер арнайы статистикалық IT-модулімен автоматты түрде жасалады. Құжат Жоғары Сот Кеңесімен келісілген, судьялармен пысықталған, бұл ретте келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілген.

◾️ А.Стыбаевтың атап өткендей, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жыл сайын барлық сатыдағы 400-ден астам судьяның қызметіне бағалау жүргізеді. 2019 жылдан бері 2416 судья кәсіби бағалаудан өтті.

◾️ Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар енгізілген түзетулерді бекітті. Жаңартылған құжат Жоғарғы Сот сайтының «Заңнама» бөлімінде жарияланады.

group-telegram.com/Jogargy_sot/4453
Create:
Last Update:

BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/Jogargy_sot/4453

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

As the war in Ukraine rages, the messaging app Telegram has emerged as the go-to place for unfiltered live war updates for both Ukrainian refugees and increasingly isolated Russians alike. False news often spreads via public groups, or chats, with potentially fatal effects. The SC urges the public to refer to the SC’s I nvestor Alert List before investing. The list contains details of unauthorised websites, investment products, companies and individuals. Members of the public who suspect that they have been approached by unauthorised firms or individuals offering schemes that promise unrealistic returns Despite Telegram's origins, its approach to users' security has privacy advocates worried. In this regard, Sebi collaborated with the Telecom Regulatory Authority of India (TRAI) to reduce the vulnerability of the securities market to manipulation through misuse of mass communication medium like bulk SMS.
from ms

Telegram ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
FROM American