group-telegram.com/GenPr/5618
Last Update:
БҚО прокуратурасының бастамасымен борышкерлер жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қаратөбе аудандық сотының 12.12.2022 жылғы сот бұйрығымен Ж. азаматынан кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін табыстың 1/3 бөлігінде алимент өндірілді.
Сот шешімі дереу орындауға жіберілді, алайда қарызды төлеу туралы хабарламалар борышкермен елеусіз қалдырылды.
11.12.2024 жылы Қаратөбе аудандық соты Ж. азаматын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Сол сияқты, 18.12.2024 жылы алимент өндіру туралы сот актісін орындамағаны үшін Г. азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған да сот 1 тәулікке әкімшілік қамау жазасын қолданды.
Сотта борышкерлер өз кінәсін толық мойындады.
2024 жылы Қаратөбе ауданында сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шаралары арқылы барлығы 5 алимент төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес 1 проблемалық борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды (Балаларды асырау үшін қаражат төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, мүгедек ата-аналарды асырау үшін қаражат төлеуден жалтару, мүгедек жұбайы (жұбайы).
#Заңментәртіп
#Жауапкершілік
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/918873?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП