Telegram Group & Telegram Channel
Анталия әуежайында алып жүрушісі жоқ балаға қатысты жағдай туралы түсініктеме

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларды тасымалдаудың халықаралық нормаларын қатаң сақтайды. Балаларды алып жүру қызметі заңды өкілден баланы қабылдауды, ұшу кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және ұшып келген кезде заңды өкілге беруді қамтиды. Бұл ретте құжаттар мен жеке заттар үшін жолаушының өзі жауапты.

БАҚ-та жарияланған оқиғаға байланысты әуекомпания Анталия әуежайындағы төлқұжат бақылауында бір топ балалармен жүрген баланың төлқұжатының жоқ болғаны анықталған. Рейске ресімдеу кезінде құжат жолаушыда болды, бұл бейнежазбамен расталады. Әуекомпания қызметкерлері төлқұжатты өз бетімен іздеді, бірақ, өкінішке орай, құжат табылмады. Әуекомпания ҚР консулдығын болған оқиға туралы жедел хабардар етті.

Депортациялау туралы шешімді қабылдаушы елдің көші-қон қызметі қабылдайды. Сондай-ақ, баланы ұстау шарттарын Түркияның көші-қон қызметі белгілейді. Өз тарапынан әуекомпания баланы үш реттік тамақпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етті және жағдайды тез арада шешу үшін ҚР консулдығымен және Түркияның көші-қон қызметімен тұрақты байланыста болды.

Бұл жағдайда әуекомпания көші-қон қызметінің ұйғарымын орындауға міндетті және ол орындалды: бала Қазақстанға жақын арада тікелей рейспен қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті пайдаланылды. 25 желтоқсанда, екі күннен кейін, бала жаңа билет бойынша алып жүрушісі жоқ жолаушы ретінде Түркияға қайтадан ұшып кетті.

group-telegram.com/PR_AirAstana/616
Create:
Last Update:

BY Air Astana press-releases

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/PR_AirAstana/616

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The company maintains that it cannot act against individual or group chats, which are “private amongst their participants,” but it will respond to requests in relation to sticker sets, channels and bots which are publicly available. During the invasion of Ukraine, Pavel Durov has wrestled with this issue a lot more prominently than he has before. Channels like Donbass Insider and Bellum Acta, as reported by Foreign Policy, started pumping out pro-Russian propaganda as the invasion began. So much so that the Ukrainian National Security and Defense Council issued a statement labeling which accounts are Russian-backed. Ukrainian officials, in potential violation of the Geneva Convention, have shared imagery of dead and captured Russian soldiers on the platform. Although some channels have been removed, the curation process is considered opaque and insufficient by analysts. I want a secure messaging app, should I use Telegram? Also in the latest update is the ability for users to create a unique @username from the Settings page, providing others with an easy way to contact them via Search or their t.me/username link without sharing their phone number. Individual messages can be fully encrypted. But the user has to turn on that function. It's not automatic, as it is on Signal and WhatsApp.
from nl

Telegram Air Astana press-releases
FROM American