group-telegram.com/peruash/12600
Last Update:
Жағдайды қалыпты жұмыс тәртібіне қайтару үшін КТС бойынша шегерімдерді және ҚҚС есепке алуды алып тастау негіздерін өзгерту қажет: «заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мәмілені жарамсыз деп тануды» - заңды күшіне енген сот шешімі негізінде заңды деп танылған салық органының шешіміне сәйкес тауарларды іс жүзіндегі сатусыз, атқарылған жұмыссыз шот-фактураның берілуін" деген сөздермен ауыстыру керек.
Осылайша, салық органдары өз жұмысын сотқа ауыстырмай, барлық белгіленген процедураларды сақтауға міндетті болады.
Осыған байланысты, сондай-ақ «жарамсыз мәмілелердің» өзекті мәселелерін шешу үшін «Ақ жол» фракциясы Салық кодексіне келесі өзгерістерді енгізу қажет деп санайды:
1. ҚР СК 264 баптың 1-бөлігінің 5) тармағын келесі редакцияда жазу
«Есепке алуға жатпайды:
5) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде заңды деп танылған салық органының шешіміне сәйкес тауарларды нақты өткізусіз, жұмыстарды орындаусыз және қызметтерді көрсетусіз ресімделген шот-фактурада көрсетілген шығыстар;
2. ҚР СК 403 бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасын келесі редакцияда жазу:
«Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда алынады:
2) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде заңды деп танылған салық органының шешіміне сәйкес тауарларды іс жүзінде өткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей жазылған шот-фактура бойынша;
Бұл өзгерістер «жарамсыз мәмілелер» мәселесін түпкілікті шешіп, сәйкесінше жаңа Салық кодексіндегі жұмысты оңтайландырады.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
А. Перуашев
Д. Еспаева
Қ. Иса
Е. Барлыбаев
С. Ерубаев
Е. Бейсенбаев
BY Азат Перуашев
![](https://photo.group-telegram.com/u/cdn4.cdn-telegram.org/file/PhXBqHRjK9WTASQ6ZN0DlTGnvMyeu8HJNQzOu7gf4gtzPxGsJ3fpx58sniZ_WRf771pl1Uj9T1im57xZyCPbfLaIMZpDDdtpzDvkfZKIhiBCRI-L9-NRD0USyxZJZN_6pnkZnAohSR2UeD-ASEQQ_EKD431qmB5yq6JGoA8FfRvVowt_6TMpXBSAahImn5CTdbZlrEKyzzCwMPEnZU6J72aWPt2WrhNbsgLIEKsPqtw5MbiqoIMl6rgI9scrOb3ZCLSgnFO_JvFC-qFla9JpPWFS3dp7GAgfC7lR_gq4r6uSiJLG9rFeCBqRqe_HYV87xIA1J1NYN5kawR_3REwMPw.jpg)
Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/12600