group-telegram.com/qazaqgazkz/2380
Last Update:
Анабай кен орны: газдың жаңа көзі ашылды
Жамбыл облысындағы Анабай кен орнында геологиялық барлау және газдың ресурстық базасын ұлғайту жұмыстары жалғасуда. №17 ұңғымадан газдың жаңа көзі ашылды. Қажетті жұмыстар жүргізілгеннен кейін өнеркәсіптік газ ағыны алынды — бұл ұңғыманы одан әрі игерудің маңызды көрсеткіші. Бұл - ұңғыманың жоғары өнімділігін және оның стратегиялық маңыздылығын растайды.
Игеру кезінде газ алауы алынды, бұл жоспардың дебиттік көрсеткіштерінің жоғары екендігін көрсетеді. Алау неғұрлым қуатты және жоғары болса, ұңғымадағы газдың шығымы соғұрлым жоғары болады.
Бүгіннен бастап ұңғыма іске қосылды, газ тұрақты алына бастады. №17 ұңғыма Анабайдағы газ өндіру көлемін ұлғайтатын негізгі объектілердің бірі бола алады, бұл өз кезегінде газдың ресурстық базасын ұлғайтуға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Анабай кен орнындағы №17 ұңғыманы бұрғылау 2024 жылдың 3 қыркүйегінде сәтті басталды. 25 қарашада мамандар 3690 метр тереңдіктен газ шыққанын растады.
QazaqGaz барлық технологиялық процестерді оңтайландырумен және экологиялық стандарттарды ескере отырып, Анабай кен орнын тиімді игеру бойынша қойылған мақсаттарды іске асыруды жалғастыруда. Алынған нәтижелер геологиялық барлауға инвестиция құюдың бекер еместігін растайды, бұл газдың тұрақты жеткізілуі мен газдың ресурстық базасын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Ал QazaqGaz 24 желтоқсаннан бастап №18 жаңа ұңғыманы бұрғылауды бастады.
BY АО «НК «QazaqGaz»
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/qazaqgazkz/2380