Telegram Group Search
Первый заместитель Председателя Правления АО «НК «QazaqGaz» Мейрбек Ихсанов посетил Филиал УМГ Алматы АО «Интергаз Центральная Азия» и Алматинский производственный филиал АО «QazaqGaz Aimaq».

Мейрбек Ихсанов заслушал отчет о готовности всех объектов газовой инфраструктуры к обеспечению природным газом населения, коммунально-бытовых и промышленных предприятий Алматинской области, области Жетысу и Алматы в отопительный период.

Кроме того, были обсуждены вопросы по состоянию автомобильной и аварийной специальной техники Алматинского производственного Филиала ТОО «QazaqGaz Onimderi».

Первый заместитель Председателя Правления отметил, что коллектив Филиала УМГ Алматы и QazaqGaz Aimaq с опережением срока успешно завершили строительство четырех крупных проектов. В том числе, подводящую газовую инфраструктуру для ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3: строительство АГРС «ТЭЦ 2», АГРС «ТЭЦ 3», перемычки TIP-04 и второй нитки МГ «Алматы-Байсерке-Талгар».

Кроме того, Мейрбек Ихсанов посетил новое административное здание Алматинского филиала QazaqGaz Aimaq и наградил почетными грамотами работников в преддверии Дня независимости Республики Казахстан.

Также были обсуждены социальные вопросы и социально-трудовые отношения коллектива.
Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿

Талай ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, татулығын ұйытып отырған Қазақстанның тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Ел іргесі бүтін болсын! Ынтымағы жарасқан еліміз жасай берсін!

Әр отбасыға бақ-береке, жылулық пен жайлылық тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Басқарма төрағасы Qarmet зауытын газдандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жоба бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды, оның ішінде сыртқы және ішкі газ құбырларын тарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 60 пайызы орындалды. Айта кету керек, газдандыруға арналған барлық жабдықтар мен материалдар 100% қазақстандық өндірушілерден жеткізіледі.

Келесі жылы зауыттан 25 шақырымда жатқан «Сарыарқа» МГҚ тартылатын газ құбырының құрылысы аяқталады. Бұл зауыт үшін маңызды қадам ғана емес, компания тарихындағы ең ірі экологиялық бастама болмақ. Qarmet компаниясын газдандыру аймақтағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.

***

Председатель Правления ознакомился с ходом газификации завода Qarmet. Проект включает в себя нескольких ключевых этапов, в том числе строительство наружного и внутреннего газопровода, и реализуется согласно установленному графику. На данный момент выполнено 60% от общего объема работ. Отметим, все оборудование и материалы для газификации поставляются на 100% от казахстанских производителей.

В 2025 году завершится подведение газопровода от МГ «Сарыарка», проходящего в 25 км от комбината. Это станет не только важным шагом для завода, но и самой крупной экологической инициативой в истории предприятия. Газификация Qarmet позволит значительно улучшить экологическую ситуацию в регионе.
Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.

Газға қосылуға арналған техникалық шарттар - бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат.

Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.

Техникалық шарттарды беруден бас тартуға келесі жағдайларда жол беріледі:
- Реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілерінің орындары, өткізу қабілеттері болмаған жағдайда;
- «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда.

Қызмет көрсету мерзімі: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.


***

Теперь владельцы частных домов и объектов недвижимости могут получить технические условия на подключение к природному газу онлайн в приложении eGov Mobile. Услуга доступна потребителям АО «QazaqGaz Aimaq», и предоставляется физическим лицам бесплатно.

Технические условия на подключение к газу – это документ, который подтверждает возможность подключения объекта к газораспределительной системе.

Воспользоваться услугой может владелец имущества. Для этого пользователю необходимо заполнить все обязательные поля формы, которая отображается в приложении и подтвердить сведения о зарегистрированных правах на имущество.

Отказ в выдаче технических условий допускается в случаях:
- Отсутствия свободных и доступных мощностей, емкостей, мест, пропускных способностей сетей АО «QazaqGaz Aimaq», необходимых для предоставления услуги;
- Отсутствия сетей АО «QazaqGaz Aimaq» или иного имущества, необходимого для предоставления регулируемой услуги.

Сроки оказания услуги: для технически не сложных объектов - 5 рабочих дней, для сложных - 10 рабочих дней.
Әлеуеті мол геологиялық барлау және күрделі құрылыстар жүргізу – QazaqGaz 2025 жылға арналған жоспарын жариялады

«QazaqGaz» ҰК» АҚ орталық аппаратында ұлттық компания топ-менеджментінің қатысуымен стратегиялық отырыс өтті. Жиын барысында QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов 2024 жылдың қорытындысын шығарып, келесі жылға арналған дамудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Басқарма төрағасы компания Қазақстанның газ инфрақұрылымын жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған стратегиялық бастамаларды сәтті жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Газ өндіру қарқынының тұрақты өсімі үшін QazaqGaz геологиялық барлауға белсенді түрде инвестиция салуды жалғастыруда. Ұлттық компания газ барлау жобаларын мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыру қадамдарын қамтитын нақты жоспар әзірледі.

Соңғы екі жылда газ болуы мүмкін 23 әлеуетті учаскелер қарастырылды, оның ішінде 15 учаске ұлттық компанияға бекітілген. Жамбыл облысындағы Малдыбай және Ақтөбе облысындағы Шалқар учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалды.

Сондай-ақ 2024 жылы Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойылды. КТ-III учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім 100 пайыздық carry-қаржыландыру шартымен жасалды. «KОР» мұнай компаниясымен Маңғыстау облысындағы перспективалы Аққұдық учаскесінде бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім жасалды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы Шалқар учаскесінде көмірсутектерді пайдалану бойынша келісім-шартқа қол қойылды.

QazaqGaz геологиялық барлау саласында биыл тиімді жұмыс көрсеткені атап өтілді. Ұлттық компанияның алдында тұрған міндеттер, оның ішінде қайта қарауды қажет ететін заңнамалық кедергілер туралы айтылды. Жақын арада барлық қолданыстағы жобалар бойынша инвесторлармен жұмыс жеделдетіледі деп күтілуде.

Ұлттық компания табыстың тұрақты өсімін көрсетті. 2025-2029 жылдары ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және инвестиция тартуды жалғастыру жоспарлануда. Катарлық Power International холдингімен ауқымды серіктестік жалғасуда. Биыл QazaqGaz 11 миллиард доллардан асатын төрт келісімге қол қойды.

Санжар Жаркешов атап өткендей, 2025 жыл геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы болып жарияланады. Компания жаңа кен орындарын барлауға, газ құбырлары мен газ өңдеу зауыттарын салуға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
2025/01/15 07:54:44
Back to Top
HTML Embed Code: