group-telegram.com/railways_kz/6573
Last Update:
🚆ҚТЖ: 2023 жылы локомотивтерді ірі сатып алу жүргізілді
🚊Инвестициялық бағдарлама шеңберінде ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жоспарлы жаңартуды жүргізуде. 2023 жылдың басынан бастап 86 заманауи локомотив сатып алынды. Оның ішінде ТЭ33АС сериялы 55 тепловоз, 2ТЭ25КМ сериялы 14 тепловоз және KZ8А сериялы 17 электровоз бар.
🔹Жыл соңына дейін парк тағы 52 локомотивпен толықтырылады. 2029 жылға дейін 218 локомотив, оның ішінде ТЭ33АС сериялы 75 магистральдық тепловоз, KZ8А сериялы 130 электровоз және ТЭМ11А сериялы 13 маневрлік тепловоз сатып алынады.
⚙️Қазіргі заманғы локомотивтер Астана қаласындағы зауыттарда жиналады. Бұл ауыр жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника. Қазірдің өзінде заманауи локомотивтер Қандыағаш – Тобыл, Тобыл – Астана, Астана – Павлодар және басқа да учаскелерде салмағы 6 мың тоннадан асатын пойыздарды тартуда.
📌2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық жүк тасымалдаушы паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив бар. Жылжымалы құрамның бұл мөлшері жоспарланған жүк көлемін тасымалдау үшін жеткілікті.
🤝Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде ҚТЖ қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, ол бойынша 200 маневрлік және магистральдық локомотив сатып алынып, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтары мен инжинирингтік орталық ұйымдастырылады.
➖➖➖
🚆КТЖ: в 2023 году произведен крупнейший закуп локомотивов
🚊В рамках инвестиционной программы дочерняя организация КТЖ - ТОО «КТЖ - Грузовые перевозки» проводит плановое обновление локомотивного парка. С начала 2023 года было приобретено 86 современных локомотивов. В том числе 55 тепловозов серии ТЭ33АС, 14 тепловозов серии 2ТЭ25КМ и 17 электровозов серии KZ8А.
🔹До конца года парк пополнится еще 52 локомотивами. До 2029 года будет приобретено 218 локомотивов, в том числе 75 магистральных тепловозов серии ТЭ33АС, 130 электровозов серии KZ8А и 13 маневровых тепловозов серии ТЭМ11А.
⚙️Современные локомотивы собираются на заводах в г.Астана. Это надежная техника, способная активизировать перевозки грузов тяжеловесными поездами. Уже сейчас современные локомотивы провозят поезда весом более 6 тыс. тонн на участках Кандыагаш -Тобол, Тобол - Астана, Астана – Павлодар и других.
📌По состоянию на 1 октября 2023 года парк Национального перевозчика грузов насчитывает свыше 1,6 тыс. локомотивов. Данного количества подвижного состава достаточно для перевозки запланированного объема грузов.
🤝Кроме того, в октябре т.г. во время официального визита Президента РК К. Токаева в Китай КТЖ заключило с китайской корпорацией «CRRC Corporation Limited» рамочное соглашение о сотрудничестве, по которому будет приобретено 200 маневровых и магистральных локомотивов, организованы в Казахстане сервисные центры обслуживания подвижного состава и инжиниринговый центр.
BY ҚТЖ PRESS
Share with your friend now:
group-telegram.com/railways_kz/6573