group-telegram.com/Economy_kz/3497
Last Update:
📋 Қазақстанның кадр саясатын қалай жетілдіруге болады?
Кадрлық ресурстарды тиімді басқару – ұлттық және өңірлік деңгейде сәтті шешімдер қабылдаудың басты шарты. Алайда орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы алшақтық маңызды мәселелерді шешуде үйлесімсіздікке алып келеді.
Негізгі мәселелер:
• Орталық мемлекеттік органдар (ОМО) өңірлердің ерекшеліктерін жиі ескермейді, ал олардың саясаты негізінен жергілікті деңгейде іске асырылады.
• Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) күнделікті мәселелермен айналысып, кең ауқымды талдауға немесе халықаралық тәжірибені қолдануға уақыт таппайды.
Ұсынылған шешімдер:
1. Жергілікті деңгейдегі тәжірибелі мамандардан (ең кемі 10 жылдық өтілі бар) кадр резервін құру.
2. Барлық деңгейде үйлесімділікті жақсарту үшін кеңесші лауазымдарын енгізу.
3. Жастар кадр резерві арқылы жас мамандарды жергілікті органдарға тарту.
Тәуелсіз сарапшы Даулет Жамбайбековтың пікірін economykz.org сайтынан оқыңыз.
https://economykz.org/?p=12809&lang=kk
BY Economy KZ
Share with your friend now:
group-telegram.com/Economy_kz/3497