Telegram Group & Telegram Channel
Олжас Бектенов Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

🇰🇿🇵🇰 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Исламабад қаласына барды.

🤝 Барған сәтте Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен кездесу өтті. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

➤ Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық кооперация әлеуетіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 16%-ға өсіп, шамамен $40 млн-ды құрады. Қолданыстағы әлеуетті ашу үшін тараптар тауар айналымын әртараптандыруды жалғастыруға ниетті. Қазақстан Пәкістан нарығына жалпы құны $490 млн-нан асатын 85 тауар түрі бойынша жеткізу көлемін арттыруға, оның ішінде жеткізілетін мұнай-химия, металлургия, химия, фармацевтика салаларының, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен машина жасау өнімдерінің номенклатурасын кеңейтуге дайын.

➤ Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. Биылғы қаңтар-тамызда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі 2 есеге жуық өсіп, $7,7 млн-ды құрады. Қазақстаннан әкелінетін көкөністер мен дәнді дақылдар Пәкістан нарығында сұранысқа ие. Биыл күтілетін жоғары өнімді ескере отырып, Қазақстан Үкіметі Пәкістанға дәнді дақылдар жеткізу көлемін жыл сайын 2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын.

🚚 Транзиттік-көлік саласында теміржол жүк тасымалы көлемінің үш есеге артуы және автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдың төрт есеге өсуі аясында үкіметтер басшылары қолданыстағы «Қазақстан–Өзбекстан–Ауғанстан–Пәкістан» мультимодальды бағытын және «Қазақстан–Түрікменстан–Ауғанстан–Пәкістан» жаңа көлік дәлізін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Екі ел сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуді жалғастырады.

📱 https://www.group-telegram.com/ru/KZgovernment.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/13683
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/13683

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The last couple days have exemplified that uncertainty. On Thursday, news emerged that talks in Turkey between the Russia and Ukraine yielded no positive result. But on Friday, Reuters reported that Russian President Vladimir Putin said there had been some “positive shifts” in talks between the two sides. For tech stocks, “the main thing is yields,” Essaye said. Sebi said data, emails and other documents are being retrieved from the seized devices and detailed investigation is in progress. Although some channels have been removed, the curation process is considered opaque and insufficient by analysts. Pavel Durov, a billionaire who embraces an all-black wardrobe and is often compared to the character Neo from "the Matrix," funds Telegram through his personal wealth and debt financing. And despite being one of the world's most popular tech companies, Telegram reportedly has only about 30 employees who defer to Durov for most major decisions about the platform.
from ru

Telegram UKIMET
FROM American